Арабтардың қазақ даласында қарақұйрықтарды атқаны рас па?

3535
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 18.11.2020 жылы Facebook-тегі «МЕН-МАҢҒЫСТАУЛЫҚПЫН!» тобында кең далада қарақұйрықтарды аяусыз, қуалап жүріп атқан броконьерлердің бейнежазбасы көпшіліктің шамына тиген болатын.

Бейнежазбаны топқа жүктеген азамат Самат ТАЛҒАТОВ: «Арабтар Маңғыстауга келіп қарақұйрықтарды қырып жатыр, Қазақстанның қызыл кітабына еңген аңдарды осылар құртады. Біздің сорлы қазақтар бұларды әуежайдан оркестрмен күтіп алады. Ал олар сокол сияқты құстарды аулайды. Бозжыраға келген туристердің ойы жай демалу емес дала аңдарын құстарын құрту»,- деген түсінік бере кеткен.

Желі қолданушыларының арасында бұл әрекетке ашынғандар: «Бұл не масқара! Өзгенің басынғаны қашан тыйылады?», Айтарға сөз жоқ кез келген ит басынды, обалы осыларға», «...келімсектер кергіп ататын болды-ау аңымызды» деген секілді пікірлерін айтып, өзгелердің басынуына жол бермеу керектігін айтқан-ды.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, бұл бейнежазба Қазақстанда түсірілмеген. Бейнежазбаға байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан аумағында мұндай жағдайдың тіркелмегенін және қарақұйрықтардың бұл түрі біздің елімізде жоқтығы туралы мәлімдеме берген.

Бейне интернетте 2020 жылдың қаңтар айында Сауд Арабиясында тараған. Бейнежазбадағы көрініске ел әбден шамданып, сол себепті жан-жақты тексеру басталған.

TheNewArab сайтының хабарлауынша, бейнежазбадағы жануар Арабия түбегінің шөлді аймақтарында кездесетін семсер мүйізді бөкен болуы мүмкін (arabian oryx).

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер