Иран Орталық Азия елдеріне ескерту жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RqOK1wrNTYFvuabPuVxnyyYZw0Fvf0ebMquCTUKQ.webp

Иран Iran International телеарнасымен ынтымақтастықты жалғастыратын елдер мен ұйымдарды әскери нысаналар тізіміне енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Iran International — тәуелсіз спутниктік арна.

Арнаның мәліметінше, тиісті ескерту Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарында жарияланған. Онда қарулы күштердің «Хатам әл-Анбия» қолбасшылығының өкілі Iran International-ды «жалған ақпарат таратып, психологиялық соғыс жүргізіп отыр» деп айыптаған.

«Егер бұл БАҚ-қа қолдау көрсету жалғасса, онымен ынтымақтасатын тараптар Иран Ислам Республикасының нысаналар тізіміне енгізіледі», — делінген мәлімдемеде.

Iran International Ұлыбритания аумағынан хабар таратады және Түркіменстанға тиесілі TürkmenÄlem 52E/MonacoSat спутнигін пайдаланады. Бұл спутник арқылы басқа да ондаған теле және радиоканалдар эфирге шығады.

Телеарна хабарлауынша, бұған дейін Түркіменстан мен Монакоға тікелей ескертулер жасалған. Аталған елдердің аумағында хабар тарату инфрақұрылымы орналасқан.

Сонымен қатар Тегеран Румынияға да ескерту жасап, егер ел өз аумағындағы базаларды АҚШ-тың Иранға қарсы операциялары үшін пайдалануға рұқсат берсе, қақтығысқа қатысушы тарап ретінде қарастырылатынын жеткізген.

Айта кетейік, 11 наурызда Румыния парламенті ел аумағына қосымша америкалық әскери бөлімдер мен авиация орналастыру туралы ұсынысты мақұлдаған.

Пікірлер