Ауыр атлетика алыптары

3636
Adyrna.kz Telegram

Ауыр атлетикадан қазақ жастарының арасынан тұңғыш рет әлем чемпионы шығуына зор үлесін қосқан білікті бапкер – Бекен Бекмұхамедов. ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, ауыр атлетика спортының ардагері еліміздің көптеген өңірлерінде штанг бөлімдерін ашты.

Әңгімені ауыр атлтиканың қазақ жерінде болмауы мүмкін еместігінен бастап, сәл-пәл тарихқа шегініс жасап көрсек. Қазақтың Қобыланды, Алапамыс, Ер-Тарғын, Қамбар секілді эпикалық аңыз-эпостарындағы кейіпкерлердегі таусоғарлар, жалғыз көзді диюлар жер көтерер жойқын күштері бойында бұлқынған алыптар суреттеліп, көркем сөзбен айтылатыны есімізде. Мен бала кезімде үйдегі үнсандықтай   үстіне батырлардың жырларының күйтабағын бірінен соң бірін қойып, тамсана тыңдаушы едім. Сонда ерлікітің, балуандықты, батырлықты паш ететін эпостардан қызыға тыңдай отырып  арман қиялына қанат қағушы едім. Расыменда, қазақтың сайын даласында атан жілікті батыр, балуандардың жылқыны жүгімен, түйені түгімен көтеріп кеткендері туралы қаншама ақиқаты дәлелденген елі ішіндегі әңгімелерді естіп оқыдық. Мысалы, Қажымұқан атамыздың буыны қатып, бұғанасы бекімеген 10 жасар бала кезінде бір қап бидайды арқалап алып жүре беретін болған екен. Сонымен қоса қақаған қыста обмбы қарға жүре алмай болдырған атын шөп артылып тұрған арбаның үстіне көтеріп салып,  арбаны атымен қоса үйіне сүйреп алып келгенін және де  арқасына бірталай адамды мінгізіп көтеріп тастағанынын айтқан кезде жоғарыда айтқан эпостағы батырлар еріксіз еске түседі емеспе. Ал Нұрмағанбет ел ішінде есімі Балуан шолақ атанып кеткен балуан әрі батыр  бабамыздың «Көтердім елу бір пұт гірдің тасын»-дегеніне қалай таң қалмассың. Аты әйгілі бауан өз өлеңінде Қояндының базарында  қанша пұтты көтергенінін әнге қосып айтады. Қазақ даласында аттары аңызға айналған осындай алып батыр бабаларымздың ерліктерін оқып біле келе қазақтар арсынан зілтемір көтеруден әлемге  аты шығатын жастардың шықпауы мүмкін емес –деген тұжырымға келерің сөзсіз. Ия, сонда 1 пұтты 16 кг деп алсақ, Балуан шолақ 816 кг салмақты бағындырғаны белгілі болып тұр.

 

Қазіргі кезде біздің атышулы зілтемір шебері Илья Ильин 20 пұтты көтертін болса, Балуан Шолақ бабамыздың қаншалықты күшті болғанын есептей берсек болады. Ал, осы зілтемір спортын елімізді қазақ  жастары арсынан дамытуға зор үлес қосқан азаматтарды бүгін еске алып, қалам тартқым келім отыр. Ал ауыр атлетиканың елдегі тарихы туралы сөз еткенде міндетті түрде  Ізбасар Оразбақ ағамызды еске аларымыз анық.

 

Ізбасар ағамыз бүгінде сесеннің сеңгеріне шығып келеді. Ол кісі қазақ жастары арасынан тұңғыш рет КСРО спорт шебері,Орта Азияның және Қазақстанның теміржолшылар арасында КСРО чемпионы атанған ауыр атлет арысымыз. Сонымен қатар, Ізбасар Оразбақ Алматы шахарында Бұқаралық спорт пен  салауатты өмір салтын қалыптастыруда орасан үлесін қосқан жан.

 

Еліміз егемендік алған жылдардан бастап,  осы бір қазаққа таңсық зілтемір спортынан дамытуда  алаш жігіттері  арасынан Бекен Бекмұхамедовтың асығы алшысына тұрып тұрған кез  еді. Хан тәңірінің етегін орын алған, жайлауы шүйгін, жері құт Нарынқол ауданының Киров колхозында өсіп өнген ауылдан шыққан арқалы азамат, ауыр атлетика спортын елімізде дамытуға үлкен үлесін қосқан азамттың бірі болып қалды. Ол ауыр атлетика спортындағы жемісті жолын аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы болып көптеген қазақ жастарын осы спорт түріне баулап, биік межелерге жеткізе білді. Мысалы, Данияр Өтешов екеуі үзеңгі қағысып, бірге жүрген жылдары зілтемір спортынан қазақтың талантты бір шоғыр жастарын тәрбиелеп шығарды. Марқұм Данияр Өтешовтың де қазақ жастарының айтулы спорт түрінен үлкен жетістіктерге жеткізгенін ұмытпаймыз. Мен талай рет жертөледе ақ-тер-көк-тер болып қазақтың жастарына  зілбатпан шойын темірлерді көтертіп жаттықтырып жатқанын көзіммен көріп риза болған едім. Сонда Бекен мен Даниярдың армандары да қазақ жігіттері арасынан Азия, Әлем чемпионаттарында топжаратын  дарынды жастарды  шығару болатын. Бекен мен Даниярдың төккен терлері текке кетпеді. Бел шәкірттері Дәурен Әділғазин, Акрамжан Халматов, Дмитрй Номофилов, Тойшан Бектеміров, Ержас Болтаев  сында дарынды жастар ұстаздарының  үмітін ақтай білді. Мысалы, Дәурен Әділғазин Гватемалада жастар арсында өткен өткен әлем чемпионатыда қола жүлдені иеленсі, жастар арасында екі мәрте Азия чемпионы атанып, қазақтың атын әлемге танытты. Ал Бекеннің көп жылдары бойы аңсаған арамынын туысы әрі шәкірті Жасұлан Қыдырбаев орындады. Дарынды туысын жетелеп алып барып, Қ.Ахметов атындағы Республикалық арнайы мамандандырылған мектеп-интернаттың олимпиадалық резервінің колледжіне оқуға апарып түсіреді. Білікті маман баланың көзінен жақсылықтың ұшқынын байқағаны сөзсіз. Ақжағалы ақжарқын ағасының үмітін ақтады.

Жасұлан Алматыда өткен әлем чемпионатында 94 кг салмақта 229 кг салмақты көтеріп, қазақ  жастары арасынан тұғыш болып  әлем шыңын бағындырды. Намысты туы еткен алаштың асыл ері, қазақ халқының көпжылдан бергі арман еткен мақсатына қол жеткізді. Қазақ жастары арсынан негі әлем чемпиоыны болмағаны Жасұлан көптен бері ой елегінен өткізіп жүрсе керек. Алматыда өткен әлем чемпионатында  атаойлап жеңіске жетіп, алтын жүлдегер атанған  алтын ұлдын қалай ғана айналмассың. Ал сондай тұлпар шығар құлынның тұрысынан танып, жағдайын жасаған Бекендей қазағым- деп жүрегі соққан, білікті маманға айтылар алғыс шексіз деп білемін. Бүгінде бұл спорт түрінде бастары қарайып, қазақ жастарының қатары тола түсті. Жаның қуанады. Айталық, қазақстан ауыр атлеткасына зор үлесін қалдырған марқұм Данияр Өтешовтың ұлы Алмас Өтешов, Рүстем Сыбай секілді білкті де жүректі де білекті  жастарымыздан болашақта зор үміт күтуге болады. Қашанда осындай қазақ жастарының арасынан қабілеті зор жасөспірімдерге өзінің мол тәжірбиесімен бөлісуге әрқашанда Бекен дайын. Шәкірттері бір жерде қиналып жатса жанынан табылатын жанышырлары да осы Бекен ағайлары. Ия, сын алаңына шығар кезде бапкерлердің өз шәкірттеріне берер кеңесінің бағасы айырықша. Айталық, қарсыласының көтергеніне қарай, ұтымды қарсы қадам жасау керек. Кей кезде қулықтың да жеңіске алып бартындығы болады. Сондықтан сын сағатында  бапкерінің шәкіртіне тура кеңес беріп жолға салуы өте маңызды. Ал, осындай сәттерде  Бекен бапкерлерінің қасында болып, ақыл-кеңес беруі бел шәкірттері үшін орны зор. Отты үрлеген жағады-демекші, Жастайынан  спорт десе ішкен асын жерге қоятын Бекен Бекмұхамедовтың өзі өмір бойы армандаған армынын нағышы туысы, бел шәкірті Жасұлан қол жеткізді. Ендеше Бекеннің жылдар бойы  ауыр атлетикадан қазақ жігіттері арасынан әлем чепионын шығарсам деген төккен тері мен табанды еңбегі текке кетпегенін көріп отырмыз.Талап – пендеден, көмек – Алладан емес пе? Талап пен талант тізе қосса алланың берер жақсылығында шек жоқ. Бекеннен ауыр атлетиканың болашағы туралы өз ойын бірде сұрағаным бар. «Менің ойымша бізге лигионер келімсек спортшылардың еш қажеті жоқ. Біз өзіміздің Отандық спорт таланттарына көңіл бөліп, өзіміздің қазақ жастарын көптеп осы спорт түріне тартуымыз керек. Мемлекет тарыпнан мол қаржыны мектептерге бөліп, жасөпірімдердің қызығушылығын арттырсақ қана ауыр атлтиканың болашығы берекелі болады. Біз кезінде қазақстандық спортшылармен де жаман көрсеткіштерге жеткен жоқпыз. Ал, лигионерлер өте шығатын өткінші жауындай келеді кетеді. Қазір қараңыз жастарымыздың бұл спорттта қарасы аз. Қазақ жастарын тартуымыз керек, ауыл-аймақтардағы дарынды өскелеңң ұрпаққа жағдай жасауымыз керек. Сонда ғана біздің ауыр атлетика спортының көші түзеледі,» - деп Бекен Бекмұхамедов  ағынан жарылған еді.

 

Расымен де біз осы бір кезең жетістікке қалайда жету үшін шетелдік келімсектерді шақыртып әуре болып жатамыз. Қай спорт түрі болмасын алып қараңыз оларға кеткен қырауар қаржығы қаншама қазақ баласының жағдайын туғызып, қаншама бойында намысы тулаған талантты қазақ жастарының болашағыны берік бағдар бере алатын едік. Осы бір олқылық ауыр атлетика спортында ушығып тұрған секілді. Дария басы бұлақ десек, сол бұлақтың  өз бойынан тазаланып ағып үлкен көлге құюына барынша көмек  жасауды кеш қалдырмасақ болғаны.

 

Ақын ОРАДАБАЙҰЛЫ,

Алматы облысы

Пікірлер