Фаст фуд - бұл тез дайындалатын тағам, бірақ сонымен бірге оның тағамдық мәні нөлге ұмтылады, ал калория мөлшері өте жоғары. Мұндай өнімдер, әрине, көп уақытты жоғалтпауға көмектеседі, дегенмен денсаулыққа үлкен зиян келтіруі мүмкін. Оның денсаулыққа деген келесідей зиянды әсерлері бар.
Фаст фуд құрамы
Фаст фуд өнімдерінде жылдам көмірсулар көп. Белсенді өмір салтымен айналысса да, жылдам көмірсулар адамның салмағын арттыра алады. Ал фастфуд тұтынғаннан кейін дәл осы көмірсулардың кесірінен аштық сезімі бір сағат ішінде пайда болады. Оның барлық дерлік түрлерінде майдың мөлшері көп. Бұл қандағы холестериннің көбеюіне әкеледі. Және бұл жүрек-қан тамырлары мен эндокриндік жүйелер аурулары түрінде көрінеді. Фаст фудтың құрамында біздің организмде суды сақтайтын көптеген қоспалар, дәмдеуіштер мен тұздар бар. Сол себепті, адамда ісіну мен бүйрек патологиясы болады. Адамда фаст фудты үнемі қолданған кезде гастрит немесе колит аурулары пайда болады.
Фаст фуд тұтынудан туындайтын қауіптер
Сонымен қатар фаст фудпен тұтынудан туындайтын мынадай бес негізгі және қауіпті салдары бар.
- Семіздік. Семіздік дегеніміз - ағзада майдың көп мөлшерде сақталуы. Фаст фудтың құрамында калория мен қант көп, бұл салмақ қосуға ықпал етеді. Фаст фудтың аз мөлшерінің өзі калорияны едәуір арттыра алады. Сондай-ақ, фаст фудпен тамақтану адам жеміс-жидектерді, көкөністерді, сүтті және т.с.с.-ті аз тұтынуына әкеп соқтырады. Тамақтану уақытының өзгеруі семіздікке әкелуі мүмкін.
- Жүрек аурулары. Фаст фудты аптасына төрт және одан да көп рет қолданатын адамдар жүрек ауруынан өлу қаупін 80%-ға арттырады. Себебі бұл тағамдарда қаныққан немесе транс майлар көп. Бұл майлар тамырларды жауып, уақыт өте келе холестерин деңгейінің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін.
- 2 типті қант диабеті. Фаст фуд көптеген бос уақыты жоқ, үйде тамақ дайындаудың жылдам әрі арзан баламасын іздейтін адамдар үшін өмір салтына айналды. Осының салдарынан, кейбір адамдар көбінесе дұрыс емес өмір салтынан туындаған екінші типті қант диабетін қоздырады.
- Асқазан-ішек жарасы - ең көп таралған қауіпті аурулардың бір түрі. 100 жылға жуық уақытта дәрігерлер ішек жарасы стресстен, ащы тағамдардан және алкогольден пайда болады деп сенген. Бірақ 20 ғасырда пицца, чипсы, тұзды жаңғақ сияқты фаст фудтың да жараға әсер ететіні белгілі болды.
- Тәбеттің төмендеуі. Кәдімгі тамақ құрамында фаст фудта жоқ қоректік заттар бар. Аталмыш «Дайындауға қолайлы» тағамды үнемі жеу тәбеттің төмендеуіне, ас қорытудың бұзылуына, кейде тамақтан улануға әкелуі мүмкін. Себебі, фаст фуд асқазанның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды.
Дәрігерлер қандай кеңес береді?
Әлемдік дәрігерлер әрдайым өздерінің кеңестерімен бөлісіп отырады. Мәселен, диетолог Дрю Ордон фаст фудтың бауырға гепатит сияқты зиянды әсері бар екенін мәлімдеді. Мичиган университетінің дәрігерлері өз кезегінде фаст фудты ұнататын жасөспірім қыздардың кеуде жасушаларының өзгеруіне байланысты денсаулығын қатты бұзуы мүмкін екенін анықтады. Бұл сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупінің жоғарылауына әкеледі. Барлық дәрігерлер мен диетологтар фаст фудтың екі түрі бар екенін айтады: зиянды және өте зиянды. Тағамның осы түрімен үнемі тамақтануға болмайды және фаст фудтан мүлдем бас тартқан дұрыс деп есептейді.
Сөзімді қазақтың мына сөзімен аяқтағым келеді. «Дерт көп – денсаулық біреу». Сондықтан, денсаулығымызды сақтап, ағзаға пайдалы нәрселермен тұтынайық.
Айару Дәулет,
«Тұран» университеті
«Журналистика» мамандығының
2-курс студенті