С. Жээнбеков: Заң үстемдік құрғаннан кейін қызметтен кетуге әзірмін

2217
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін елдегі саяси жағдайға байланысты қырғызстандықтарға кезекті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна"ұлттық порталы. 

 

«Құрметті отандастар!

Елдегі саяси жағдай шиеленісіп кетті.

Бұл жағдайды реттеу үшін біз мынадай қадамдар жасауға тиіспіз.

Жогорку Кенешті сайлау нәтижелері жойылды. Енді жаңа парламент сайлауы тағайындалуы керек. Бұл туралы шешімді ОСК қабылдайды. Бұл шаралар қазіргі саяси шиеленісті жеңілдетеді.

Сонымен қатар, дағдарысқа дейін жұмыс істеген Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерін отставкаға жіберу қажет, бұл жаңа тағайындауларға заңды негіз болады. Жаңа Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерін тағайындауды заңдастыру үшін Жогорку Кенештің қаулысы мен Президенттің Жарлығы қажет. Мен тиісті Жарлықтарға қол қоюға дайынмын, Жогорку Кенештің қаулыларын күтемін.

Парламент мүшелері өз міндеттерін орындауы үшін құқық қорғау органдары Жогорку Кенеш депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қымбатты отандастар! Бұған дейін айтқанымдай, мен болып жатқан кадрлық өзгерістерді заңдастыруға ниеттімін. Мен үшін ешқандай лауазым мемлекеттің тұтастығынан, халықтың бірлігі мен қоғамның тыныштығынан жоғары емес.

Біз қазіргі жағдайды мүмкіндігінше тезірек құқықтық қалыпқа қайтаруымыз керек. Атқарушы билік органдарының заңды басшылары бекітілгеннен кейін және елде заң үстемдік құрғаннан кейін Қырғыз Республикасының Президенті қызметінен кетуге дайынмын.

Барлық саяси күшті елдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, халықты бөлмеуге және қоғамды бөлінбеуге шақырамын. Жаратқан Ие барлық саяси күшке даналық пен шыдамдылық берсін!», - делінген Қырғыстан Президентінің ресми сайтынада.

Пікірлер