Қырғызстан Президенті қайда болған?

4281
Adyrna.kz Telegram

Әлемнің назары Қырғызстанға ауды. Еске салсақ, 4 қазанда  Қырғызстанда өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар Бішкекте наразылық акциясына шығып,  соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Наразы топ Ақ үйді басып алған. Олар сайлау қорытындысының күшін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап еткен болатын.

Елде төтенше жағдай орын алып жатқанда Қырғызстанның қазіргі Президенті Сооронбай Жээнбековтың қайда жүргені белгілі болды. Ол туралы Президенттің баспасөз хатшысы Толғонай Стамалиева мәлімдеді. Оның айтуынша, Президент қазіргі уақытта ел астанасы Бішкекте.   - Мемлекет басшысы сағат түнгі екіге дейін Паралмент ғимаратындағы өз жұмыс орнында болды. Бұл жерде  барлық саяси күштермен жеке әңгімелесулер өткізді,-дейді Т.Стамалиева.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Президент С.Жээнбеков «наразылық акциясын ұйымдастырушылар дұрыс тоқтамға келетініне сенеді».

Осының алдында наразы топ Праламент ғимаратының аумағына басып кірген болатын. Осыдан соң   олар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев отырған ҰҚК тергеу изоляторына барған.

 

Думан Аманжолұлы. 

 

 

Пікірлер