Қазақ спорты тарихы мен әлем спортында аттары алтын әріппен аталып қалған жұлдызды спортшылар жетерлік. Солардың біртумасы Әлжан Жармұхамедов екенін ел жақсы біледі. Әлжан атамыздың баскетбол спортында жеткен жетістіктері қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш. Өйткені, олимпиаданың чемпионы мен қола жүлдесін жеңіп алған әйгілі атамыздың тегі қазақ, руы – Жаппас. Ия, шетте жүріп жатса да жүрегі қазақ деп соғатын спорт әлеміне аты машқұр жанның туған елге деген сүйіспеншілігі ерекше. Елін, жерін аңсап жиі келіп кетіп тұрады. Міне, Әлжан Мүсірбекұлының қазақ жеріне тағы да табаны тиіп, ел ішін аралап, қаншама кездесулер өткізіп қуантып кетті. Салтанатты кездесулерінің бірін Әлжан атамыз Алматыдағы , К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шаңырағында өткізген еді. Бұл кездесуге айтулы мектеп ұжымы көптен бері жоғары деңгейде дайындықпен келген болатын. ОРРММИК қабырғасында олимпиада чемпиондарымен кездесулер өткізу дəстүрге айналған. Ал бұл жолы, Кеңес одағының атақты баскетболшылары, 1972 жылы Мюнхенде өткен олимпиаданың чемпиондары, Иван Иванович Едешко мен тұңғыш ұлты қазақ Олимпиада чемпионы Əлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедовпен кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның өтуіне зор ықпал еткен, К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымдарының магистрі, профессор Қарақов Сейлхан Бақтығалиұлы еді. Негізі осындай ат жіберіп алдыра алмайтын аттары аңызға айналған ардагер спортшыларды мектеп қабырғасына шақыртып алып келу оңай емес екені мәлім. Өйткені, ол кісілердің қазақстанға келген сапарларының әрбір қадамы сағатпен, минутпен өлшеніп белгіленіп қояды емеспе. Дегеніменде мектеп-оқушыларынң аттары аңыз аталарының жүзін көріп, ғибрат алуы үлкен өнеге деп білген білгір басшы Сейілхан Бақтығалиұлы Қарақов мырза, жолын тауып осындай керемет тарихи кездесуді ұйымдастыруға ұйытқы болған екен. Мектеп-интернаттың оқушылары үшін өмірлерінде бұл кездесу ұмытылмастай әсер қалдырып қалғындығына сөз жоқ.
Баскетболдан Мюнхен Олимпиадасының (1972 ж) чемпионы, Монреаль Олимпиадасының (1976 ж) қола жүлдегері, 3 дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, СССР-дің 10 дүркін жеңімпазы, СССР еңбегі сіңген спорт шебері Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедовпен кездесу сәті.
Кездесудегі негізі қозғалған әңгіме сол бір 1972 жылы өткен олимпиада ойындарындағы АҚШ пен КСРО құрамасы арасындағы ақтық кездесу болды. «Əлемді дүр сілкіндірген үш секунд» деп аталған матч, осыдан 45 жыл бұрын Мюнхенде өткен Олимпидада баскетболдан КСРО құрамасы АҚШ құрамасын 51:50 есебімен жеңгендігімен есте қалды. Матч соңына бар-жоғы үш секунд қалғанда Америка құрамасы 49:50 есебімен жеңіп келді. Дəл осы үш секунд баскетбол əлемін мəңгіге күрт өзгертті. Мюнхен қаласының Руди-Зедльмайер Халл аренасында өткен драмаға толы сол кездесуде баскетбол тарихында өшпестей із қалдырғаны мәлім.Соңғы үш секунд ішінде ойын тағдырын шешіп кеткен КСРО құрамасы олимпиада чемпионы атанады. Америкалықтар төрешінің қателігі деп жеңісті мойындамай тіпті марапатқа да шықпай қойған екен. Баскетбол спорты 1936 жылдан бері олимпиада ойындарының бағдарламасына енгелі бері, АҚШ құрамасы бір-де бір рет финалда жеңілмей келген әлемдегі ең үздік команда болған. Дегеніменде, 1972 жылы КСРО құрамасы олардың бұл жеңісті жолын тоқтатып баскетболда тарихи өзгеріс жасайды.Әлемдегі екі алып мемлекеттің әскери -саяси теке-тірестері сол жылдары нағыз күшіне енген кезі болатын. КСРО Мюнхен олимпиадасындағы тарихы жеңісі Америкалықтардың кезенген қаруын сәл түсіруіне әкеліп соқты десе болады.
Сонымен хош, өткен тарихтан бүгінгі күнге оралсақ. Атақты спортшыларды мектептің оқушылары аяғынан тік тұра қошеметпен қарсы алды. Кездесу жылы достық ырғақта өткізілді. Сұхбат барысында оқушылар қонақтардың спорттық өмірінен құлағдар болды, оларға сұрақтар қойды, ал қонақтар оқушыларға жауап беріп, оларға кəсіпқой спортшы ретінде: «Ешқашан жеңілмеңдер, сонда басқалардың жеңілгенін көресіңдер», «Табысқа жетудің жолы – ниет ету, зейін қою, ерік-жігер жəне еңбек» деп бағалы өсиеттерін айтты. Иван Ивановичтің айтуынша: «Жоғары нəтижеге жету үшін ең алдымен дарындылық пен еңбек сүйгіштік қажет. Сондай-ақ, психологиялық беталыс, ойын алаңына кім жəне не үшін шығатыныңды терең түсіну қажет». Қонақтардың сөйлеген сөздерінде қуатты ынталандыру, жеңіске ұрандау, өзі айналысатын спорт түріне деген адалдық жəне Отанына деген шексіз махаббат сезілді. Іс-шара соңында қонақтарға мектеп басшылығы атынан естелік сыйлықтары тапсырылды, оқушылар атақты спортшыларды жан-жағынан қоршап, естелікке суретке түсті жəне олардың қолтаңбаларын алды.
Әлжан атамыз 1976 жылы өткен олимпиаданың қола жүлдесінде мойынына таққан қазақтан шыққан ұлы баскетбол шебері. Әлжан атамыздың аз-кем өмір тарихынан сөз еткенде, алдымен туған жері өскен ортасын еске алатынымз заңды. Дарынды спортшы Өзбекстан мен іргелес жатқан Оңтүстік Қазақстан облысы,Табақсай ауылында дүниеге келеді. Әкесі Мүсірбек пен анасы украинадан аштық жылдары ауып келген Прасковья Жеронкина баласы Әлжанды замандастарынан қалдырмай тәрбие беріп өсіреді.Орта мектепті аяқтағаннан кейін, жалын атқан жас Әлжан зауодтқа Шершекке келіп жұмысқа тұрып, еңбек етеді. Зауадтта жүріп екі саусағын станок жұлып алып кетеді. Дегеніменде талантты тани білген сол кездегі әуесқой команданың бапкері, Роман Салетдинов соңынан қалмай жүріп жаттығуға алады. Ия, бойы екі метрдей дара тұлғаны өз командасынан көруге асық баскетбол мамандары ол кезде жетерлік еді. Негізі алғашқы бапкері Әлжан атамыздың бағын ашқан жан болып тарихта қалған екен.Дарынды баскетболшы өсе келе білім қуып, Өзбекстандағы мемлекеттік денешынықтыру және спорт иниститутын тәмамдап бітіреді. Содан соң, өзі жаны қалаған спортына біржола бағын сынауды дұрыс деп санап, алдымен Ташкенттегі «СКА» командасында өнер көрсете бастайды. Міне, осы команда арқылы көптің көзіне түсініп, СССР құрама командасында ойнау бағына ие болады. Биік адамды аласа жерге отырғызсаң да биік, аласа адамды биікке отырғызсаң да аласа-демекші,бойынан бағы бұлқынып шыға алмай жүрген дарынды спортшы СССР құрамысында тамаша өнер көрсетіп,тартысты ойыны арқылы миллиондаған жанкүйерлерінің жүрегін жаулап, 1967 жылы Еуропа чемпионы атанады.СССР құрамасында 18 жыл бас жаттықтырушысы болған аты әйгілі Александр Гомельский ЦСКА командасы мен Одақтың бас құрамасына Әлжан атамызды лайық көрмеген екен. Мүмкін, сол шовинситік солақай саясаттың сол кезде дәуірі дүркіріп тұрған кезі емеспе еді кім білсін. Осылайша, 1968 ж Мехико олимпиадасы мен 1969 ж өткен әлем чемпионатынан ұлы баскетболшы құрамаға алынбай шеттеліп қалады. Дегенімен КСРО құрамасының сол кезде тізгінін жаңадан ұстаған өте айлакер,білікті маман Владимир Кондрашин өз командасының құрамынан Әлжан Мүсірбекұлын көруді жөн көріп, командасына алады. Ол қадамы дұрыс екенін білікті бапкер кейін барып білсе керек. Сол кездегі КСРО баскетбол федерациясы мен шен-шекпенді билік басындағылар Әлжан атамызды ілгеріде өзбек деп келген екен. Қаны қазақ дарынды спортшы Алматыдағы «Буревестник» командасына екі мәрте келгісі келеді. Өзбекстан мен Қазақстан елінің екі ортасында қалған спортшының тағдырын Мәскеу шешіп беріп отырған екен. Оны «ЦСКА» командасына алғанда өзбек деп есептейді. Қуанышымызға орай,1972 жылғы олимпиада ойындарында чемпион болған соң, Кеңес Одағындағы спорт тақырыбында қалам тартатын белді ақпарат құраладары оны қазақ деп жаза бастаған. Үлкен спорттағы даңғыл жолы аяқталғаннан кейін, Әлжан Мүсірбекұлы Германияда совет армиясының қатарында бапкер болып 5 жылдай жұмыс жасап келеді.Кейінірек, Мәскеудегі гумманитарлық университетінде ерлер мен әйелдер командасын жаттықтырады. Ресей сол бір АҚШ құрамысын жеңген тарихи кездесу туралы «Движение вверх»-деген көркем фильм түсіріп шығарды. Әлжан атамыздың бұл фиьмдегі рольін Александр Ряполов сомдайды. Екі ұлы Владислав пен Сергей әкесінің жолын қуып баскетбол спортымен кәсіби түрде айналысып, ресейдің көптеген белді клубатарда өнер көрсетеді. Дегеніменде ұлы спортшыдай биікке жете алмаған. Өзіңдей болып жан тумас-деген мүмкін осы шығар. Аты әйглі аптамыз жуырда өміріндегі 76 күзін қарсы алды.
Әлжан атамыз қазір Мәскеуде тұрып жатыр. Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас-демекші, кіндік қаны тамған алтын бесік туған жерін сағынары белгілі. Әркімнің тамыр жайған топырағы ол туған жері деп білеміз. Алла өлшеп берген бескүндік өмірде жақсы мен жайсаңдарымыздың жанымызда жүріп,қазыналы қарттарымыздың ғибаратын алып өскеннен артық не бар. Ия,аты әйгілі баскетболшы туралы қысқаша осылай қозғадық.Тегі қазақ жаны қазақ әйгілі спортшы қазақ еліне жиі келіп тұрады.Туған елге жерге деген махаббатының айырықша екенін жоғарыда айтқанымыздай К.Ахметов атындағы мектеп-интернатқа келген кезде естіп білдік. Қазіргі таңда біздің баскетбол спортының қандай деңгейде екенін жақсы белеміз. Еліміздегі ірі клубатр шет елдік легионер ойыншылармен орындары толып тұр. «Астана» клубы Біріккен Ұлттар лигасында өнер көрсетеді. “Самұрық –қазына’’ Ұлттық қайрымдылық қоры 11 спорт түрін қаржылайды. Сол қаржының бір ағыны «Астана» БК құйылып жатыр. Бұл ауладағы жайқала өскен көп ағаштың ішінен таңдап алып біреуін үзбей суғарып, қалғаны қуарып тұрған секілді маған әсер қалдырады. Қомақты қаржалар сұраусыз бір клубқа құйылып жатқан секілді. Ия, «Астана» БК нәтжерлері жаман емес. ВТБ лигасында плей-оффқа дейін жеткен кездері болды. Дегеніменде, бұл уақыт көлеміндегі жұмыстар. Ал, ертеңгі болашақ отандық талантты қазақ баскетболшылары үшін не жасалмақ. Өңірлердегі баскетбол спорты мен жасөпірімдердің спорт мектептеріндегі өмір жолы сол баяғы жүдеу де жабырқау күйінде қала бермек пе қалай?. Міне, осы мәселе өзектілігін әлі жоғалтқан жоқ деп ойлаймын. Әрине, баскетбол мен волейбол спортына бойы биік жастарды таңдап алынады. Бізде Әлжан атамыз секілді еліміздің шалғай жақтағы мекендерден талантар неге шықпай жатыр. Ғасырдың үздік ойыншысы 30000 ұпай иеленген Шакил О Нил секілді тарихи тұлғалы ойыншылар шығу үшін жағдайды өңірлерге жасаудан бастау керек. Отандық қазақ жастарының бұл спорт түрінде көп кездестіре алмаймыз. Волейбол спортында да осындай ушықты мәселе орын алып тұрғаны жақсы мәлім. Әлжан Жармұхамедов секілді әлем таныған ұлы спортшы елге оралып,Ұлттық құрамының тізгінін ұстаса не болмасы данагөй тәжірбиелі кеңесші ретінде қызметке келіп жатса, баскетбол спортымызда қан жүгіріп,әлем аранасына шығар нәтижелер көрінетін болар. Мүмкін біздің билік басындағылар шет жаққа тарап кеткен Әлжан атамыз секілді ұлы тұлғаларды елге алып келудің жолын табытын кез келген шығар. Біз енді қызыл империяның кезіндегідей Мәскеуге ат шаптырып,сұрау салып өтініш білдеретіндей жағдайда емеспіз. Біз егеменде елміз. Тәуелсіз ұлы мемлекет ретінде талантты тұлғаларды елге алып келіп жатсақ жоғымыз табылып, өшкеніміз жанар ма еді деген бір үміт көңілдің түбінен қылаң береді.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
Алматы облысы