Кремльде Таулы Қарабахтағы жағдайға байланысты пікір айтылды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы rueconomiks.ru агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий ПЕСКОВ соғыс әрекеттері дереу тоқтатылып, мәселені реттеу процесі саяси дипломатиялық тұрғыдан жүргізілуі керек екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Песков Ресей Сыртқы істер министрі (СІМ) Сергей ЛАВРОВТЫҢ Армения мен Әзербайжан СІМ-мен сөйлескенін және Армения СІМ Никол Пашинянның Путинге хабарласқанын да жеткізді.
Ресей ЕҚЫҰ-да Минскімен тең төраға және шиеленісті реттеуші араағайын екенін еске салып өткен Песков Кремль өзінің осы уәкілетін пайдаланып, Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайдың шешімін табуына ықпал етеді деп үміттенеді.
«Кеше Анкара СІМ өкілдерімен байланыс жасалды. Сондықтан да бұл мәселеде ресейлік тарап бәрімен де тікелей байланыста», -деді Песков.
«Дәл қазір кім кінәлі, кім кінәсіз екенін анықтайтын уақыт емес. Әскери жағдайды тоқтату керек» - деп өзінің әлеуметтік парақшасында жазған Песковқа «таулы Қарабахтағы жағдай Беларус мәселесін шешу үшін Ресейді арандату мақсатында Навальныйдың жасап отырған әрекеті емес пе?» деген сұрақ қойылды.
Бұл сұраққа баспасөз хатшысы: «Бұлай болуы мүмкін деп ойламаймын»,- деп кесіп жауап берді.
Фото ашық дереккөзден алынды.