Назарбаев Досаевпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Естеріңізде болса, биыл ақпан айында Елбасы Ұлттық банк басшысымен кездескен еді. Енді сол тапсырмаларға есеп іспеттес болған жүздесуде Досаев талай мәселені қозғады. Ең әуелі пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдарды айтты. Әрі қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
«Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық», – деді Е.Досаев.
Айта кетейік, биыл қыстағы кездесуде Ұлттық банктің төрағасы Елбасыға 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтынвалюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы әңгімелеген болатын. Атап айтқанда, «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын айтып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалған.
Досбаев: Қаржы нарығындағы ахуал тұрақты
16.09.2020
2153
Пікірлер
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз