Мәслихат депутаттарына бюджеттен қанша ақша жұмсалады?

2936
Adyrna.kz Telegram

Ел мүддесіне жұмыс істейді, жалақы алмайды дейтін мәслихат депутаттарына шын мәнінде бюджеттен миллиондап ақша жұмсалады екен. Мәселен, Ақтөбе облысы мәслихатының шығыны 369 миллион теңге болыпты. Ал Қарағанды қаласының халық қалаулылары 2021 жылға осымен екінші жыл қатарынан 70 миллион теңге ақша сұрап отыр.

Бір қызығы, депутаттар бюджеттен бөлінген қаржының бір тиынын да жеке мақсатта қолданбаймыз дейді. Дегенмен, қомақты қаражаттың қайда жұмсалатынын «

">Информбюро» тілшілері анықтап көріпті.

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2019 жылғы шығыны 63 млн 600 мың теңгені құраған. Биыл - 64  млн 700 мың теңге. Бұл  қаражат мәслихат аппаратының материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етуге жұмсалған. Сонымен қатар, депутаттардың іс-сапарының ақысы мен сол уақыттағы тәуліктік шығыны да осы ақшада қарастырылған.

"Қазір 2021 жылға қанша қаражат қажет екені қарастырылып жатқанын ғана айта аламын. Биыл елдегі жағдайға байланысты көп жұмыстар онлайн түрде ғана атқарылды", - дейді Азамат Шалабаев ШҚО мәслихаты аппаратының басшысы.

Ал Қарағандыда осыдан 8 жыл бұрын Бесоба тұрғын үйі құлап, тұрғындардың баспана мәселесі әлі шешілмесе де, қалалық мәслихаттың 27 депутатының жұмысына 70 млн теңге жұмсалған. Дегенмен, халық қалаулылары бұл ақшаның бір тиынын да көрмейміз деп сендірді. Есесіне мәслихат тұрағында тек бір көлік болған соң жеке көлігімізбен жүруге мәжбүрміз дейді.

Осылайша, 70 млн теңгенің 12 млн теңгесі - аппарат қызметкерлерінің жалақысы, 2 млн 500 мың теңге - өтемақы, 1 млн теңгеден астамы - коммуналдық төлемдер. Ал депутаттардың бір жылдық жұмысына берілетін жалақы 500 мың теңгеден астам, сондай-ақ өзге де қызметтерге, оның ішінде мемлекеттік сатып алуларға 35 млн теңгеден астам ақша есептелген.

"Қалалық мәслихатта 30 депутат. Аппарат сол депутатқа істейді. Жылдық бюджет 70 млн теңге. Оның ішінде жалақы, коммуналдық төлем, мемлекеттік сатып алу, жәрдемақы да бар. Жалақыға келсек, біздегі қарапайым бас мамандар 90 мың теңге алады»,- дейді Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Қанат Сүлейменов.

Ал Ақтөбе облысының депутаттарына биыл 369 млн теңге жұмсалыпты. Қазір әкімдік келесі жылға тағы бюджеттен 375 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр екен. Биліктегілер бұл ақша облыстағы 12 ауданы мен қаладағы депутаттардың іссапарына, мәслихат хатшылары мен басқа да қызметкерлердің айлығына, тіпті шаруашылыққа қажет құрал-жабдықтарға түгел жұмсалады деп отыр.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер