АҚШ компаниясы Беларуссия сайттарын бұғаттауға қатысқан

2640
Adyrna.kz Telegram

Америкалық Sandvine компаниясы Беларуссия билігіне Президент сайлауы кезінде елдегі веб-сайттарды бұғаттау технологиясын ұсынды деп болжануда. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Sandvine Bloomberg-ке түсініктеме беруден бас тартты. Агенттіктің сұрауына Беларусь ІІМ де жауап бермеген.

Беларуссияда интернет мәселесі 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін басталды. Атап айтқанда, нашар байланыс салдарынан ақпараттық сайттардың жұмысы нашарлап, іздеу жүйелері мен YouTube желісі, мессенджерлер істен шықты. 12 тамыз күні таңертең Минскіде мобильді интернет пен әлеуметтік желілердің жұмысы қайта қалыпқа келген.

Республиканың байланыс және ақпараттандыру министрлігі хабарлағандай, 9-11 тамыз аралығында "Беларусь операторларының электр байланысы желілерінің инфрақұрылымына және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайттарына көптеген кибершабуылдарға байланысты абоненттердің интернет желісінің сервистері мен ресурстарына қол жеткізуіне айтарлықтай шектеу қойылды".

Сонымен қатар, Беларуссияның A1 мобильді операторларының бірі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың өтініші бойынша Минскідегі 3G желісінің қабілетін бірнеше рет төмендеткен. Кейінірек оператор Интернетке кіруді қалпына келтіретінін мәлімдеген.

Сондай-ақ, Ақпарат министрлігі медиа және саяси қозғалыстардың бірқатар сайттарының жұмысына айтарлықтай келтірген. Tut.by Беларусь порталының деректері бойынша, істен шыққан сайттар тізімінде 70-тен астам ресурс, соның ішінде танымал VPN қызметтерінің сайттары бар.

Фото ашық дереккөзден алынды

 «Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер