Мен кіммін?

6998
Adyrna.kz Telegram

Иә, расымен мен кіммін өзі? Негізінен бала күнімізде біз «мен кіммін» деген сұрақтың жауабын табу үшін мектеп табалдырығын аттаймыз. Өзіміздің қабілеттерімізбен, өзімізбен танысып шығамыз. Яғни мектеп әр баланың қабілетін аша білетін, әрине ең алдымен біліммен сусындайтын орда. Бірақ  мектеп бітірген жас түлекетер не себепті өзін  әлі таба алмай жүр? Неліктен өзінің нақты қалауын, қандай маман боларын білмейді?

Енді, біз, ересек жандар, сол мектеп табалдырығын енді аттаған бөбектерге, барлығын ашық айтып, осы бастан кім болатынын сұрап, қабілеттерін анықтау үшін түрлі шаралардан қалдырмай, баланың ынтасын ашуға тиіспіз. Сол үшін ата-ана баласын бала бақша мен мекетпке беріп, болашағына ықпал еткізеді.

Қазір жасөспірімдердің көбі қандай маман боламын деп емес, қайда грант көп, сонда жүгіреді. Кім боларын анықтай алмай, өзінің қаламайтын мамандығын таңдап, оны аяғына апара алмай әлі кетіп, аяғы суицидке барып жатады. Өзінің қалауын таппаған, ата-анасының немесе басқаның айтуымен оқуға түсе салған жеткіншектерден құлықсыз, құлшынысы төмен мамандар шығады.

Осындай дүниелердің алдын алу үшін, мұғалімдеріміздің ерік жігері мықты болса деймін. Әсіресе ауыл мен аудан мектептерінде білімді нығайтса. Мұғалімдерге тек қағазбен бас қатырмай, баламен бас қатырып, алдындағы  15-20 баланың қабілетін анықтап, тікелей солармен дұрыс жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, мықты мамандар міндетті түрде шығады ғой.

Сонымен қатар мектептегі кейбір пәндерді жаңашаландыруға күш салу керек. Мысалы, өзін өзі тану пәнінің деңгейін көтеріп,  психология деген білдей пән болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі психологиялық тұрғыда дамыған баланың болашағы жарқын болады.  Бұларға қоса бастауыш сыныптан бастап «менің мамандығым» іспетті тегін үйірмелерді көптеп ашу керек.

Қазір заманның жаңашаланып келе жатқанына орай  көп жақсылықтан үміттіміз. Әр жеке тұлға, өзінің қалауын табуы тиіс, өзінің мамандығын тапқанда ғана адам баласы, елінің болашағына тікелей ат салысатын білікті маман болады. Осылай бақытқа кенеледі.

Динара Ахмет,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің 3 курс студенті

Пікірлер