"Баланы қателікке үйретіп жатыр": 2-cыныпқа арналған оқулық тағы желіні шулатты

4893
Adyrna.kz Telegram

2-cынып оқушысына арнап жазылған "Қазақ тілі" пәні оқулығындағы өрескел қателер ата-аналардың ренішін тудырды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

Білім алуға талпынған бүлдіршіннің анасы оқушы түгіл өзіне түсініксіз тапсырмаларды шеше алмай, дал болып отыр.

- Қарап отырсаңыз мына жерде "Шығармашылық үзіліс. Сызық бағытымен екі әріп тастай отырып мақал құрастырып көр, дәптерге жаз" дейді. Енді қараңыздар, "оқусы" деген сөзден қате кеткені көрініп тұр. Оқушы түгіл, мектеп, колледж, университетті қазақша оқып, "оқусы" деген сөзден мақал құрай алмайды екенмін.

Баласын сабағына дайындаған ананың айтар уәжі мұнымен таусылмайды.

- Мен өзімнің байқағанымды айтайын. "Аяқ киім" - бөлек жазылады. Оны бірге жазуды үйретіп жатыр. "Дене шынықтыру" да бөлек жазылады. Барлық жерде "аяқкиім" бірге жазылып тұр. Енді грамматиканы бастап келе жатқан балаға бұны қалай түсіндіреді? Сонда баланы қателікке үйретіп жатыр ғой. Әзірге 7-тақырыпқа дейін байқағаным осы. Жоғарғы жақтағылар, баспадан қате кетсе де, оқулықты шығарар алдында тексеру керек қой, - дейді екінші сынып оқушысының анасы.

 

Пікірлер