Қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ-тың теннистен ашық чемпионатында (US Open) жартылай финалға шыға алмай қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Vesti.kz - ке сілтеме жасап.
Турнир Нью-Йоркте өтіп жатыр.
1/4 финалда Путинцева (23-ракетка) әлемнің 41-ракеткасы америкалық Дженнифер Брэйдимен кездесті және 3:6, 2:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды. Теннисшілер бір сағат сегіз минут ойнады. Жеке қарсыласуда 2-1 есебімен қазақстандық алда келеді.
Айта кетейік, Путинцева алғаш рет US Open ширек финалына шыққан. Бұған дейін бұл турнирде 1/8 финалға дейін жеткен.
"Адырна" ұлттық порталы