Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды

2660
Adyrna.kz Telegram

Түркияда коронавирустық пандемия екінші шыңына жетті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаның айтуынша,

Анкара, Стамбұл, Измир және шығыс провинцияларда қауіп жоғары. 

«Пандемия жалғасып жатыр. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Біз бірінші толқынның екінші шыңын бастан кешудеміз», – деді министр.

Сондай-ақ, ол 2 қыркүйекте Түркияда 1 596 жаңа жағдай тіркелгенін және бұл 15 маусымнан бері орын алған ең үлкен өсім екенін айтты.

Түркияда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 275 мыңға жетті, 6511 адам қайтыс болды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеу алынды

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеу алынған болатын. Қазіргі таңда бірқатар дәрігерлер туристерге эпидемиялық талаптарды сақтаңыздар деп дабыл қағуда.

«Құрметті бауырлар, отандастар! Соңғы күндері Түркияда COVID-19 індеті қатты таралып жатыр екен. Түркияға демалуға барған азаматтарымыз елімізге сол індетті әкелсе, қыркүйек айының соңында немесе қазан айында коронавирус қайта өршуі мүмкін. Егер күн суытып, «ЖРВИ» мен тымау маусымы басталған кезде коронавирус жұқтырсақ, қынадай қырылатынымыз анық. Сондықтан, еліміз үлкен қайғы-қасіретке ұшырамас үшін коронавирус індетінен сақтану шараларын орындаңыздар!»,- деп ескертті дәрігер-кардиолог Дауренбек Мырзашұлы.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер