АҚШ Қазақстанға санкциялар салуы мүмкін

2684
Adyrna.kz Telegram
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

АҚШ адам саудасына байланысты Қазақстанға санкциялар салуы мүмкін, деп хабарлайды адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының (омбудсмен) баспасөз қызметі. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «kaztag.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бақылау тізімінде немесе үшінші деңгейдегі елдердің тізімінде болу АҚШ тарапынан белгілі бір санкцияларға, соның ішінде саудаға қатысы жоқ гуманитарлық емес шетелдік көмек көрсетуден бас тартуға, сондай ақ білім беру және мәдени алмасу іс-шараларын қаржыландырудан бас тартуға әкелуі мүмкін», - омбудсмен Эльвира Әзімованың бейсенбіде премьер-министр Асқар Маминге жолдаған хатында осылай делінген.

Эльвира Әзімованың тағы бір қауіптеніп отырған нәрсесі, ол- халықаралық қаржы институттары тарапынан мүмкін болатын экономикалық және инвестициялық шектеулер, атап айтқанда – Қазақстанда іске асырылатын жобаларды қолдау көлемінің қысқаруы.

«Біздің елдің «бақылау тізіміне» деп айдар тағылған елдердің қатарына енуі, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ел Үкіметі алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда адам саудасына қарсы күрес бойынша күш-жігердің көп жұмсалғандығы туралы  дәлел келтірмегенін көрсетеді. Сондай ақ, бұл факт біздің елімізде осындай қылмыс құрбандарының абсолютті санының артқанын көрсетеді» , - деп санайды Әзімова.

Адам саудасының және қылмыстық жауапкершілікке тартудың анықталған жағдайлары бойынша Қазақстандағы ресми статистика көрші елдерге қарағанда едәуір төмен. Бұл көрші елдердің ішінде Қазақстан олар үшін межелі ел болып табылатын Қырғызстан мен Өзбекстанда да бар.

«Бұл мұндай қылмыстарды анықтау, тергеу және жазалау бойынша жұмыстың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Омбудсмен адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арнайы әлеуметтік қызметтерге, оның ішінде дағдарыс орталықтарында уақытша орналастыруға да қол жетімділіктің жоқтығына да назар аударды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2019 жылғы Адам саудасы туралы жыл сайынғы баяндамасы жарияланған еді. Оның аясында адам саудасына қарсы күрес бойынша серіктес елдердегі жағдай ұсынылған болатын.

Бағалау адам саудасын жою үшін ең төменгі стандарттарға сәйкестік негізінде басқа елдерді төрт деңгейдің біріне жатқызу жолымен жүргізіледі(«1», «2», «2 watchlist «(Бақылау Тізімі) және» 3»),(АҚШ-тың 2000 жылғы» Trafficking Victims Protection Act « Заңы).

Қазақстан алғаш рет «2 watchlist» (бақылау тізімі) деңгейіне енгізілді. Бұл ретте, 2012 жылдан бастап Қазақстан әрқашан екінші деңгейде болған.

Баяндамада сондай-ақ елдегі ахуалды жақсарту үшін 11 ұсыным тұжырымдалған. Негізгі Қазақстанға мынадай ұсынымдар берілді: адам саудасынан зардап шеккендерді, әсіресе мәжбүрлі еңбек етуден зардап шеккен шетелдіктерді – халықтың осал топтары арасында анықтау жөніндегі шараларды едәуір күшейту және зардап шеккендерді оларға көмек көрсетілуі мүмкін жерлерге қайта бағыттау; адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктер үшін қолжетімді көмек көлемін едәуір ұлғайту, мұндай зардап шеккендерді олардың тергеуге және қылмыстық процеске қатысуына қарамастан анықтау мен көмек көрсетуді қамтамасыз ету; адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеуді және кінәлілерді жауапқа тартуды қамтамасыз ету.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрліктерімен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, алынған ұсынымдарды ағымдағы жылдың соңына дейін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі шеңберінде іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдауды жандандыруды тапсыруды сұраймын», - делінген Әзімованың Маминнің атына жазған хатында.

Сондай-ақ, омбудсмен аппаратында қазіргі уақытта Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) кеңсесі АҚШ елшілігінің қолдауымен Қазақстан үшін заңнамалық ұсыныстар мен практикалық сипаттағы ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған жобаны іске қосуда екендігін де айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде «Адырна» ұлттық порталы АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанды адам саудасы бойынша бақылау тізіміне енгізгенін хабарлаған еді. Америкалық биліктің пікірінше, Қазақстан Үкіметі Адам саудасын жою үшін ең төменгі стандарттарды толық көлемде сақтамайды, алайда мақсатқа жету үшін айтарлықтай күш салатындығы туралы мәлімдемені де жазған болатын.

Мемлекеттік департамент атап өткендей, бұл күш-жігерге адам саудагерлері үшін қылмыстық жазаны күшейтетін және болжамды саудагерлердің қылмыстық істің күшін жою үшін құрбандарға ақы төлеу мүмкіндігін жоққа шығаратын түзетулер енгізу кіреді. Алайда, АҚШ билігінің пікірінше, «Қазақстан үкіметі өткен есепті кезеңмен салыстырғанда күш-жігердің жалпы ұлғаюын көрсетпеді», ал «үкіметтің зардап шеккендерді анықтау және қорғау жөніндегі күш-жігері халықтың жалпы санымен салыстырғанда жеткіліксіз болып отыр».

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер