Қазақстанда «Бірінші арна» және өзге де ресейлік телеарналардың көрсетілімі тоқтатылды

57
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/abeduAoW3onIX1Zv6P9xnyYfuEbmPPhJejvnmNDO.jpg

Қазақстандағы ең ірі ақылы теледидар операторы «Алма ТВ» абоненттері бірқатар ресейлік телеарналардың көрсетілімінің тоқтатылғанын байқады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ге сілтеп.

«Бірінші арна», «Карусель» телеарналарының халықаралық нұсқалары, «Цифрлық телеотбасы» топтамасына кіретін арналар эфирден алынды.

Бұл ақпаратты zakon.kz сайтына «Бірінші арна» ЖШС растады. Компанияның мәліметінше, көрсетілімді тоқтату бастамасы «Алма ТВ» тарапынан көтерілген. Бұған оператордың лицензиялық төлемдерді 50 пайызға төмендету туралы талабы себеп болған.

Компания өкілі Ирина Калашникованың айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде «ПКВС Қазақстан» лицензиялық төлем мөлшерін көтермей, әрдайым серіктестеріне түсіністікпен қарап келген.

"Біз әрқашан әріптестермен ортақ келісімге келуге тырыстық. Қазіргі таңда да конструктивті диалогқа ашықпыз және ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз", — деді ол.

Айта кетейік, «Цифрлық телеотбасы» құрамына «Кино үйі», «Жеңіс», «Уақыт», «Телекафе», «Бірінші музыкасы» сынды бірнеше телеарна кіреді.

Пікірлер