Салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін 10 мобильді қосымша

3744
Adyrna.kz Telegram

Салауатты өмір салтын ұстану - мықты денсаулықтың кепілі. Егер сіз пішініңізді қалпына келтіріп, денсаулығыңызды нығайтқыңыз келсе, бұл мақала сізге арналады.  Назарларыңызға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін тегін 10 мобильді қосымшаны ұсынамыз.

Қанша жүгіргенімізді есептейміз

Runkeeper - жүгіруге, велосипед тебуге және басқа да іс-шараларға арналған тамаша мобильді қосымша. Бұл қосымшада жаттығудың барлық мәліметтері жазылады : маршрут, қашықтық, орташа жылдамдық,уақыт. Сіз музыка тыңдай отыра , бір уақытта жүрек соғу жиілігін өлшей аласыз.

Платформа: iOS, Android

Пішінімізді қалпына келтіреміз

Nike Training Club қосымшасы арқылы пішініңізді жақсарта аласыз.

Жай ғана  күшті, тонусты таңдау арқылы көптеген жаттығуларға қол жеткізе аласыз. Оны әлемдік деңгейдегі Nike тренерлері арнайы дайындады. Бұл ерекше жаттығулар сіздің фитнес мақсаттарыңызға жүйелі түрде жетуіңізге көмектеседі.Жаттығулардан бөлек  дұрыс тамақтану туралы кеңестерді табасыз.

Платформа: iOS, Android

Калорияларды санаймыз

MyFitnessPal - қарапайым әрі ең ыңғайлы калория санаушы.Қосымшада 3 миллионнан астам элементтердің мәліметтер базасы бар. Бұл ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, қанттың, талшықтардың және холестериннің құрамын көрсетеді. Оның басты ерекшелігі - өнімді іздеуге арналған штрих-код сканері. Сонымен қатар, MyFitnessPal-да өзіндік жаттығулар жиынтығы бар.

Платформа: iOS, Android

Қанша су іштіңіз?

WaterBalance мобильді қосымшасы қай кезде су ішу керек екенін еске салып отырады. Бар болғаны қосымшаға салмағыңызды енгізу керексіз . Сол кезде ол автоматты түрде қанша литр су ішу керек екеніңізді анықтайды . Әрбір ішілген стакан қосымшада белгіленіп отыруы керек, ал Waterbalance ішілген көлемді сақтап алады.

Платформа: iOS, Android

Темекіден бас тартамыз

Егер темекі шегуден бас тартқыңыз келсе  "Бросаем курить" мобильді қосымшасын жазып алыңыз. Қосымшада жаман әдетті тастауға септігін тигізетін мотивациялар берілген.  Онда 70-тен астам ауру туралы ақпарат, темекі шегушінің калькуляторы, тесттер, әңгімелер, фактілер, кеңестер және атақты адамдардың темекі шегу туралы пікірлері бар.

Плотформа : Android

Пульсті өлшейміз

Instant Heart Rate - бұл тамырдың соғу жиілігін өлшеуге көмектесетін қосымша. Сізге  саусақты камераға қою керек, сол кезде ол қимыл-қозғалыстарын сканерлеп алады. Нақты нәтижені анықтау үшін бағдарламаға бар болғаны 10 секунд қажет.

Платформа: iOS, Android

Ақылды оятқыш

Alarmy мобильді қосымшасы уақытыңызды тиімді бөлуге көмектеседі. Адамды ұйқыдан оятудың ерекше тәселдерін қолданады. Оятқышты өшіру үшін белгілі бір тапсырманы орындауыңыз қажет. Сонымен қатар ұйықтап кетуге көмектесін әндер бар.

Платформа: iOS, Android

Отырып тұру жаттығуын жасаймыз

Street Workout жаттығуларды санайды. Бұл жүйені алдау мүмкін емес . Сіздің жеке орыс тілді жаттықтырушыңыз отырып тұрғаныңызды сезінеді және  іс жүзінде қолданатын тәсілдердің санын есептей алады.

Платформа : iOS

Жеке жаттықтырушы

Endomondo Running Cycling Walk - сіздің жеке жаттықтырушыңыз. Ол

сіздің жаттығуларыңызды көңілді  өткізу үшін ынталандырады. Оқыту нәтижелері мен көлемін талдайды, пульсті бақылайды.

Платформа: iOS, Android

Жасаған қадамдарыңызды санаңыз

Pedometer -  өткен қашықтықты есептеуге арналған мобильді қосымша . Ол сіздің  күніне немесе жеке уақыт кезеңінде қанша қадам жасағаныңызды  есептеп, қанша калория жойғаныңызды көрсетеді. Бағдарламада GPS байланысы қолданылмайды, яғни бұл қызмет жұмыс істеп тұрған кезде гаджеттің батареясы іс жүзінде таусылмайды.

Платформа: iOS, Android

Диана АСАНОВА,
«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер