Полиция бастығы: "Мен ешқандай алкоголь ішпедім"

4219
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде айқайлаған топтың полиция бастығын  қалай қоршап алып, ұрғаны туралы видео пайда болды. Артынан Жезқазған қаласының полиция бастығы, полиция полковнигі Құрманов сол түнгі оқиға туралы Tengrinews.kz. редакциясына айтып берді. Біз Сіздерге полиция бастығының сөздерін аударып, ықшамдап ұсынамыз.

«Мен бейнежазбада шынымен мен екенімді, Жезқазған қаласының полиция бастығы, полиция полковнигі Құрманов екенін растағым келеді. Жоғалған бес жасар қыз туралы ақпарат алғаннан кейін мен бөлімге келдім, қызметкерлерді жинап, дереу Сәтбаев қаласына жол тарттым. Көптеген адамдар жиналып, тәртіпсіздіктер басталып, адамдар педофилді өздеріне тапсыруды талап етіп, олар подьезге кіруге тырысты.

Біз подьездің кіре берісінің бірінші қатарында тұрдық. Бұл кезде жиналғандардан біреу полиция қызметкерлерін бір-бірлеп алып кету керек деп айқайлады. Бір топ адам қасымда тұрған полиция қызметкерін ұстап алып, оны халық арасына сүйреп апарды. Бұл қызметкерді қолынан ұстап, мен олардың соңынан еріп, қызметкерді босатуға көндіре бастадым, өйткені ол кінәлі емес қой. Мен жиналған жұртты сендіре алдым, олар бұл қызметкерді босатты. Сол кезде топтан біреу мені танып қалып, "бұл полиция бастығы" деп айқайлады. Олар күдіктіні ұстап беруді талап ете бастады. Жиналғандар мені  қоршап алды және күдіктіні өздеріне тапсыруды талап ете бастады - олар қылмыскерді өздері жазалағылары келді », - деді Құрманов.

Ол жиналғандарға заң алдында бәрі бірдей екенін және бұл азамат заңға сәйкес жазаланатындығын түсіндіре бастады. «Мұның бәрі 30-40 минуттың ішінде болды. Осы уақытта мен басымнан, денемнен бірнеше рет соққы алдым, миым шайқалып, көптеген дене жарақаттарын алдым. Оң жақ құлақ, сол иық, сол жақ кеуде және белім бәрі соққыдан көгеріп қалды. Халық мені тыңдамайтынын түсіндім.  Ол күні мен ешқандай алкоголь ішпедім,», - деп қорытындылады полиция басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер