АҚШ Қытайды неге айыптады?

2951
Adyrna.kz Telegram

Америка Құрама Штаттарындағы кейбір қалаларда наразылық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Вашингтон Қытайды осы наразылық акцияларын өзінің саяси мүддесіне пайдаланды деп айыптауда.  Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өзінің твиттерінде жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

« Джордж Флойдтың қайғылы өлімін Қытай коммунистік партиясы өздерінің саяси мүдделері үшін пайдалануға әрекет жасады. Алайда ол  сәтсіз болды. Бейжің ыңғайлы сәттерді пайдалануда. АҚШ осы бір қиын кезеңде еркіндікті шетке ысырып қойды», - деді Мемлекет хатшысы .

Бұған дейін Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Роберт B'Брайен қытайлықтардың әлеуметтік желілердегі жазбаларына қарап, олардың Құрама Штаттардағы «хаосты» ұнатқанын айтқан болатын.Кеңесшінің айтуынша, мұндай белсенділік үкіметтің тікелей ықпалынан орын алған . ҚХР-дың сырты істер министрі Чжао Лицзянь бұл айыптауларды негізсіз деп таныды .

АҚШ-тағы жаппай наразылықтар 26 - мамырдан бастап жалғасуда. Азаматтар Миннеаполис тұрғыны болған қара нәсілді күзетші Джордж Флойдтың өлімінен кейін жаппай митингке шыққан болатын . Флойд полицейдің тұншықтыруы салдарынан қайтыс болды. Қазіргі таңда құқық қорғау қызметін күшейту үшін бірқатар қалаларда Ұлттық ұланның бөлімшелері мен техникалары  енгізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер