Қордайдағы қақтығыс: Тергеу изоляторында қайтыс болды

4809
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы тергеу изоляторында Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан күдікті қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна"  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 29 сәуірі таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында қамауға алынған азамат Кибаев Бекбол Мухамедович сол қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылды. Оны камерада бірге отырғандар тапқан", - делінген ақпаратта.

Оған изолятордың медицина қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, өмірін сақтап қала алмады.

Шақырту бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді. Өлімнің алдын ала себебі көп қан жоғалту болуы мүмкін делінген.

"Кибаев Бекбол Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған болатын",- делінген ақпаратта.

Оқыс оқиға бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысының Қордай ауданында 7 ақпанға қараған түні жаппай төбелес болды. Қайғылы оқиға салдарынан он бір адам қаза болды делінген ресми мәлімдемеде.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер