Мінезсіз қаламгерден мәнді дүние шықпайды

2691
Adyrna.kz Telegram

Қалам мен қағаз жазушының яки, журналистің басты қаруы. Қалам тербеп жаза білу – үлкен өнер. Жазушының жазған мақаласы немесе әңгімесі адам ойын рухани құндылыққа  тәрбиелеп, тың ақпарат бергені аса маңызды.Осы тұста Наполеон Бонапарттың сөзі еске түседі: «Журналист – бұл қаламмен еңбектенетін көше сыпырушысы». Жоқ, қоғамдық жұмсты атқарушы ретінде деп, тікелей түсініп қалмаңыз. Қоғамдағы бар мәселені сақ қырандай сыпырып, бақылап жан-жақты жүретіні халқы үшін, қаламы мен бар қиындыққа қасқайып тұратын жауынгер секілді. Алдымен жазушы мен журналисттің айырмашылығының басын ашып алсақ. Жазушы – әдеби шығармашылықпен айналысатын,  туындыны жасайтын адам. Әдетте жазушылықты  кәсіп еткен адамды жазушы деп те айтып жатады. Журналист – қоғамдық-ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі.Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады.Тек екі саланың ортақ ісі жазуда болып отыр.Жазушы адам да, журналисте қаламгердің иесі болып есептелмек.Әлем мойындаған Американдық классик жазушы Эрнест Хемингуэйдің:«Нағыз жазушы жетімдерден» шығады деген сөзін, қазір жиі нақыл ретінде айтылып жүр. Бала кезден қиындықты көп көрген жетімдер, өз өмірін сүйреттегіш болып келетіні анық. Иә сөйлейтін адамдардың барлығы дерлік шешен емес,жазатын адамның барлығы қаламгер емес. Қазіргі таңда барлығы әлеуметтік желінің авторы. Өз өміріңізден кішене мағұлмат берсеңіз жетіп жатыр.Бұл бір шетінен қарағанда өте тиімді, бірақ халық санатының бұл  арада  барлығы жазушы болып кетпейтінін ескерген жөн.Яғни қаламгер болу үшін тума мінез,тума талант,дарын қиял керек. Не жазам? Қалай жазам? Осы сынды сұрақтар сізді мазалары анық. Жазар бұрын сан толғанып қиналудың аса қажет емес.Сіз сөз құдіретін сүйсеңіз жетіп жатыр.Саябақ аралап жүрген кезде ,жұмыс істеп жүрген сәтте болсын, ол шабыт деген асыл қасиет, өн бойыңыздан  кез келген уақытта, оянуы мүмкін.

Есіңізде болсын! Жазғыңыз келеген туынды сіз қашан келер деп күтпейді. Сіз оны өзіңіз табуыңыз қажет.Тақырып табыңыз, ізденіңіз, қоғамға қараңыз басты проблеманың шешімін тауып  жазыңыз. Ауқымды әдеби шығарма жазғыңыз келсе, онда қиялыңыз ұшқыр болуы аса қажет. Оқыған оқырман көзі сол оқиғаның ішіне кіріп, құдды экран алдынан  көргендей сезмде болғаны абзал. Жазудан ешуақытта жалықпаңыз. Қаламгер бола тура жазған дерегіңіз  адам керегіне жарамаса, оны шын жүректен жазбасаңыз сізден мәнді дүние шықпайды. Мінез бен туған туынды ешқашан өз қаламының сапасын жоғалтпайтыны анық. Жазылған туынды сан ғасырлар бойы сақталуы мүмкін. Ауыздан-ауызға тарап, бәлкім тарих бетерінде қалар.

«Сөздің ең ұлысы – тарих» демекші, ХХ ғасырдың әдебиетін, мәдениетін айтпас бұрын ең алдымен, тарихымыздың  терең тамырындағы  қазақ әдебиетін ерекше атауымыз қажет. Өйткені, ол – Абай  атамыз өмір сүріп өткен сара жол. Сондықтан да, бұл кезең әдебиеті қазақ даласындағы әлеуметтік қайшылықтарды ашып, халық өмірін сыншылдықпен де, шыншылдықпен де суреттей алатын заман белесі еді. Қазақ әдебиетінің алтын діңгегін құраған  қаламгерлерінің мол мұрасы, осы күнге дейін ұрпақ санасында жаңғырып келеді. Бұл ғасыр, мінезді қаламгерлердің заманы болды. Өткен ғасырдың қаламгерлері ұлт жанашырларының  қаламының сабы сынса да, санасының түбін сындырмаған қайтпас, қайсар, мінезді азаматтар болған. Ата-бабамыздың қанынан біткен қызыл тіл, шешендік сөз өнері, болашақ ұрпақтарында мнезді қаламгерлер қатарына қосып  тәрбиелейтініне кәміл сенімдімін!

 

 Бәтес Маликқызы

“Тұран” университеті

Журналистика факультетінің студенті

 

Пікірлер