Көрінбес дертке қарсы шыққандар

2852
Adyrna.kz Telegram

Журналистика – тарихтың тасқа басылған шимай парағы. Қанша дегенмен де тарих алдымен журналист қаламымен жазылады. Тарихи оқиғаны, қоғамдық құбылыстарды алғаш жеткізуші де ақпарат саласының мамандары. Бүгінде әлем тарихының беттерінде тәж індеті өз жұрнағын қалдыруда. Қашанда жаңалықтың, жаңаның жақтаушысы болған, ақпарат теңізімен қатар жүзетін журналистер бұл қиын сәтте де өзінің күші мен уақытын аямай, басын бәйгеге тігуде. Төтенше жағдай кезінде тәуекелге барудан тайсалмаған журналистер біз үшін майдандағы жауынгермен тең.

Көгілдір экрандағы көрермен қызығар бітім-болмыс, радиода еститін әсем үн, танымалдылық. Бұла – біздің мамандықтың сыртқы мұқабасы іспетті. Ал шындығында олар кейіпкер мұңын тыңдап, тау-тасты аралап, жер-көкті кезіп, ақиқат іздеп шырылдайды. Өмірін қатерге тігеді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайды. Алайда, мамандыққа деген махаббаттары осы қиындықтарға да құштар іспетті. Журналистер бүгінде өз өмірін қатерге тікті. Осынау қиын сәтте, ақ халатты абзал жанның қажетін, халық мұңын «қажет құлаққа жеткізсем» деп көзге көрінбес дертке қасқайып қарсы тұруда. Сізге «абайлаңыз»-деп қорғану шараларын көрсетуде, «үйде бол»-деп, өзі журналисттік зерттеуін жалғастыруда.

Халықтың сеніміне кірмей, журналист өзінің қоғамдық міндетін толық орындай алмайды. Сіздер «білсін, сенсін» деген ниетпен тәж індетінің шығуын зерттеді, індет ошағынан репортаж жасады.

Техникаға тіл бітіріп, қанат бердік десек те әлі індеттің отын өшіре алмай жатырмыз. «Әлем тыныштық мекеніне айналып, індет үйде болуды, отбасына көңіл бөлуді үйретті» - дейміз. Ия, бұл әлемді үйде отырып құтқарушылар пікірі. Алайда, дертті жоюға қарсы шыққан бүгінгінің батырларына бұл індет отбасына деген сағынышты арттырып, әлем үшін жауапкершілік міндеттерін ұлғайтты.

Біз ақ халатты абзал жандардың қателіктері үшін налыдық, «ұстаз балама ұрысты» деп ренжідік, тәртіп сақшыларын мойындамадық, «қайырымдылықты көрсеттің» деп сөктік. Бірақ, індет мамандар қадірін арттырды .

Кей сәттер есте қалады, тұтас оқиға ұмытылады. Тарихтың бір парағын өзіне арнатқан тәж індеті ұмытылса да, адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандар қажеттілігін, «тәртіп деген тәңір бар»-деп міндетін атқарып жүрген тәуелсіздік сақшыларының ерлігін, ақпарат майданы күрескерлерінің адалдығын, инфекцияға қарсы қалаларды тазарту жұмысына атсалысқан азаматтар еңбегін,қайырымды жандар шапағатын ұмытпасақ деймін.

Көрінбес дертке қарсы  шыққандарға

 алғыс білдіруші:  Дүрия Қыдырбекова

Тұран университеті

Журналистика мамандығының 1 курс студенті

Пікірлер