Чанди Бентар қақпасы несімен атақты?

2795
Adyrna.kz Telegram

Екіге жарылған Чанди Бентар қақпасы - Балидегі ең классикалық көрнекі белгілердің бірі.

Чанди Бентар әдетте діни ғимараттардың, патша сарайларының немесе зираттардың кіреберістерінде орналасқан. Бірақ соңғы кездері көптеген зайырлы нысандар Чанди Бентар қақпасын өз архитектурасында қолдана бастады. Бұның жарқын көрінісі ретінде Кутадағы жағажайға кіру қақпасы мен Бали Хандар гольф-резортының қақпасын айта аламыз.

 

Чанди Бентар - ортасы бөлінген балиандық ғибадатхананың силуэті түріндегі симметриялы қақпа. Сонымен қатар, әдетте бұдан өту үшін адам бірнеше сатыға көтерілуі керек. Мұндай қақпалар Балиде ғана емес, Джавада да кездеседі. Маджапахит әулеті бір кездері Бали мәдениетімен қатар, Ломбокке де әкелген деседі.

Сонымен қатар, бұл қақпалар ғаламдағы екі ұғым жақсылық пен жамандықты білдіреді делінген. Егер адам осындай қақпадан өтсе, оның жан дүниесіндегі алаңдаушылық күшін жояды деген сенім бар.

 

Дереккөз: Facebook парақшасынан алынып, аударылды

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер