Қарағандыда карантин кезінде дискотека ұйымдастырылған

2984
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды тұрғындары карантин кезінде көпқабатты үйлердің ауласында дискотека ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Қазіргі уақытта полицейлер ережебұзушыларды іздестіріп жатыр.

Дискотеканың видеосы Желіде таралды. Жарияланған видеодан Майқұдық ауданындағы аулалардың бірінде музыка қосып, шулап жатқан ададмарды көруге болады. Желі қолданушылары видеодағылардың бұл әрекетіне наразылық білдіріп жатыр.
"Бұл видеоны зерттедік. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша карантин режимін бұзғаны үшін жазаланады", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Пікірлер