Атырау облысының полициясы 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Күдікке ілінген азамат - қаза болған ерлі-зайыптының күйеубаласы.
Облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі уақытта қызметкерлер қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа тұлғаларды да тексеріп жатыр.
Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желілерде кейінен танылған «хакер» туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл азамат жоғалғандарды өздігінен іздестіріп, деректерді талдады. Ол SIM-карталар, қаржылық қозғалыстарды анықтағанын мәлімдеген.
«Шын мәнінде барлық мәліметтер құқық қорғау органдарының заңды оперативтік іздестіру шаралары ретінде тіркелген. Аталған адам жаңа деректер алмаған және өздігінен талдау жүргізбеген. Оның таратқан ақпараттары ресми ориентировкалармен толық сәйкес келеді», – делінген хабарламада.
Полиция сонымен қатар құқық қорғау органдары тарапынан қысым немесе қоқан-лоққы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Хакер» қазіргі таңда төрт алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлға және ол да іздестірілуде, – деп толықтырды департамент.
Еске сала кетейік, бұған дейін полиция жоғалған жұп пен олардың ересек екі баласын іздестірген. Алдымен 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев жұмысына кеткеннен кейін хабарсыз кетіп, байланысқа шықпаған. Содан кейін қазан айында Жангелді ауылынан әке-шешесі мен әпкесі дәрігерге барамыз деп шығып, кеткен. Отбасының қалған мүліктері сатылып, қаражат әкесінің шотына түскен.
Жоғалғандар туралы арыз 25 желтоқсанда түскен еді.