Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды

876
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4VmxgZPUzrxzD6cgJTxHITczogXgdGOBOBAfL7Ua.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 66 халықаралық ұйымнан шығуы туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақ үйдің сайтында жарияланған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жарлық барлық атқарушы департамент мен ведомстволарға АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне, қауіпсіздігіне, экономикалық өркендеуіне немесе егемендігіне қайшы әрекет ететін БҰҰ жүйесіне кірмейтін 35 ұйымға және БҰҰ-ның 31 құрылымына қатысуды әрі қаржыландыруды тоқтатуды міндеттейді», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, АҚШ Украин ғылыми-технологиялық орталығынан, көміртексіз энергетика жөніндегі келісімнен, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясынан шығады. Трамп шығару жөнінде тапсырма берген БҰҰ құрылымдарының қатарында БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі, Халықаралық құқық жөніндегі комиссия, БҰҰ Демократия қоры, Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылым бар.

Ақ үйдің пікірінше, бұл ұйымдар маңызды мәселелерді «тиімсіз немесе ұтымсыз» түрде шешеді. 

«Америкалық салық төлеушілердің қаражатын «тиісті миссияларды өзге тәсілдермен қолдауға бағыттаған дұрыс болар еді»,- деп атап өтілген ел билігінің мәлімдемесінде.

Пікірлер