Солтүстік Қазақстан облысында «Астана – Петропавл» автожолында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 8 қаңтар күні орын алған.
ПД дерегінше, «Toyota Camry» жеңіл автокөлігі мен «Shagman» жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Camry» қарсы бағыттағы жолға шығып, жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапқан. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болыңыздар және өмірлеріңізді сақтаңыздар», – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар