«Армандар орындалатын мекен»

2809
Adyrna.kz Telegram

Алматы. ҚазҰУ...

      Әуел бастан 11-сынып оқып жүрген кезімнен бері Алматыға,осы ҚазҰУ – ға түсу менің аузымнан түспеген, тілей берген арман – тілегім еді. Ақыры Алла қолдап, ең әуелі Алланың, одан соң ата- анам мен ұстаздарымның арқасында грантқа оқуға түстім. Алматыға, дәл осы ҚазҰУ – ға түсем деп кім ойлаған?!

      Ерекше сезім. Орындалған арман. Нағыз студенттік өмірге қадам басып, арман қуып Алматыға да келдік. Алғаш рет өзімнің армандап түскен университетіме келдім. Қуанышымда шек жоқ.

    Бізді жоғарғы курстағы аға-әпкелеріміз құшақ жая қарсы алды, өздерінің ерекше тосынсыйларымен қуантты. Қолдарынан келгенше үлкен қолдау білдіріп те жатты.

    Жаңа орта, жаңа таныстық болды. Группаластарыммен таныса келе, өте жақсы жандар екеніне көзім жетті. Кураторымызбен де таныстық, сондай жақсы кісі. Тіпті, бізге сабақ беретін үлкен аға-апайларымыз да ерекше құрметке лайық кісілер. Уақыт өте келе бәріне де үйреніп кеттік. Университетте тек білім алып қана қоймай, қабілетіміз бен дарынымызды одан әрі шыңдай түсеміз. Неге десеңіз, биыл біздің ҚазҰУ-де ғана емес, Қазақстанда да емес, бүкіл Әлемге әйгілі Ұлы тұлғаларымыздың айтулы мерейтойы аталынып өтті және әлі де жалғасын тауып жатыр.

Атап айтсақ, биыл Әлемге әйгілі, «Аристотельден кейінгі екінші ұстаз» атанған ғұлама ғалым – Әбу-Насыр әл-Фараби бабамызға 1150 жыл, Ұлы ақынымыз – Абай Құнанбаевқа  175 жыл толып отыр. Cоған орай университетімізде жоғары деңгейде түрлі мерекелік іс-шаралар, ғылыми конференциялар өткізілді. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қозыбақова Ф.А ғылыми жетекшілігімен «Дүниені, адамзатты тану Абайдан...» атты ғылыми конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақтың ойшылы, ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы, сонымен қоса, ақын жайлы тың деректерді зерттеп біліп, ол туралы толық мәліметтерді қамтамасыз ете алдық.

Бүгінгі таңда құрылғанына 85 жыл толып отырған ҚазҰУ көптеген жетістіктерге жетіп, әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді. Дамыған оқу орнымызда Студенттер сарайы, жеке оқу корпустары, заманауи кітапхана, жатақхана және студенттерге қызмет көрсету орталығы бар. Осы ҚазҰУ- дың, №17-ші жатақханадағы, сондай-ақ, Көмек ұйымының жанашыр жандарының арқасында қазір тату-тәтті тұрып жатырмыз. Көмектің негізгі мақсаты – айналаңдағы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Он екі мүшең сау болып, көмектесуге қауқарың жетіп тұрса неге көмектеспеске?! Бір жағынан,мұқтаж жанға пайдаңды келтірсең, бұл да нағыз бақыт емес пе?! Сондықтан да мен студенттерге жақсылық жасауға ат салысыңыздар дегім келеді. Бір жағынан сауап болса, бір жағынан еліміздің дамуына қосылатын үлкен үлес болар еді деп ойлаймын. Ауырып жатқан кішкентай сәбилерді «олар да біздің бауырымыз, қарындасымыз ғой» деп қолдау білдіріп, демеп жіберу, оларды сырқатынан айықтыру да біздің қолымызда. Біз, жастар еліміздің дамуына тек біліммен ғана емес, ақ жүрекпен де атсалысуымыз керек. Бәрі де бәрі жастардың қолында !

                                                                                                

                                                                                            Ақбота Қуанышбаева,

                              Филология және Әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті

                             

    Ф.А.Қозыбақова, ғылыми жетекшісі

                                                                                  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                                                     Тарих,археология және этнология факультеті,

                                                      Тарих ғылымдарының кандидаты,профессор;

  

   

Пікірлер