Трамп Иранға шабуыл жасайды: «бәрі жақсы!». Бұл туралы АҚШ президенті өзінің Твиттер парақшасында мәлімдеді.
Иранның шабуылынан кейінгі алғашқы твиттерінде президент Трамп көпшілікті «бәрі жақсы!» деп сендірді.
«Бәрі де жақсы! Иракта орналасқан екі әскери базаны Иран зымырандарымен атқылады », - деп жазды Трамп.
«Қазіргі уақытта адам шығындары мен материалдық шығындарды бағалаудамыз. Әзірге жақсы! Бізде әлемдегі ең қуатты және жақсы жабдықталған әскери күш бар! Мен ертең таңертең мәлімдеме жасаймын »деді.
Естеріңізге сала кетсек, 3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Әбу Махди әл-Мухандисті өлтірді.
Вашингтонның мәлімдеуінше, олар өткен жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырған.
Тегеран "Сүлейманиді өлтірген АҚШ-тан кек алатынын» мәлімдеген. АҚШ президенті Дональд Трамп та «Тегеран шабуыл жасаса, АҚШ-тың да қарап қалмайтынын" айтқан болатын.
Ал, бүгін Иран АҚШ әскерилері мен коалиция күштері шоғырланған Ирактағы бірнеше нысанды ондаған зымыранмен атқылады, олардың арасында Ирактың батысындағы әл-Асад және Эрбилдегі база да бар.
Оңғар Қабден,
"Адырна" ұлттық порталы