«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әулиеата ауылдарына әр кірді

4181
Adyrna.kz Telegram

Әдетте облыс орталығына назар аударылып, ауыл-аймақтар назардан тыс қалып жататыны жасырын емес. Алайда Жамбыл обысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласынан бөлек аудан орталықтарының да сәнді болуына назар аударып отыр.

Мәселен, Жамбыл облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынып, осының арқасында бірнеше ауданның орталығы жаңартылып жатыр.  Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, жоба аясында облыстың 3 аудан орталығында 108 жоба жүзеге асырылуда. Оған республикалық бюджеттен бөлінген 2,77 миллиард теңге қарастырылыпты. Оның ішінде 104 жоба әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеуге бағытталса, төрт жоба бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде екен.

Атап айтар болсақ, Жамбыл ауданы Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы, Шу ауданының орталық аудандық ауруханасына жапсарлас ғимаратының, Шу ауданы Төле би ауылында «Мәдениет үйінің» және әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Барлық жобалар бойынша жұмыстар басталып, жүргізілуде десек, 85 жоба аяқталып үлгерілген. Ал, төрт жоба келер жылға өтпелі.

Жалпы «Ауыл – ел бесігі» жобасының қолданысқа енгізілгеніне ауыл халқы дән риза. Солардың бірі Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны Серік Батырбекұлы.

«Біздің аудан орталығымыз қаланың іргесінде орналасқанымен жағдайы төмен болатын. Алайда «Ауыл – ел бесігі» жобасының арқасында ауылымыздың әрі кіріп, көптеген игі істер атқарылды. Сондай-ақ алдағы уақытта Абай көшесінің бойынан спорттық-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берідейін деп жатыр. Бұл мен сияқты 4 ұл өсіріп отырған ата-ана үшін үлкен қуаныш. Себебі балаларым бос уақытында спортпен айналысып, уақытын тиімді пайдаланатын болады» – дейді ол

Келер жылдан бастап үш ауданы «Ауыл – ел бесігі» жобасына еніп отыр.

«2020 жылға облыстың 3 ауылында Қордай ауданы Қордай ауылы, Меркі ауданы Меркі ауылы, Сарысу ауданы Саудакент ауылында барлығы 53 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Оған 2 миллиард теңге лимит белгіленіп, тиісті құжаттар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды», - дейді Гүлдана Жауынбекова.

 «АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер