Тәжік жасөспірімдері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

3104
Adyrna.kz Telegram

17 жасқа дейінгі Тәжікстан құрамасы Бразилияда өтіп жатқан Әлем чемпионатының бірінші кезеңінде Камеруннан келген құрдастарын жеңді. Кездесу 1-0 есебімен тәжіктердің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Soccerway.

Матчтың бірінші таймында тәжіктер қорғаныста жатып, аса сақ ойнауға тырысты, камерундықтар жиі шабуылдады, бірақ қауіпті соққыны Леонель Вамба жасады, ол тайм бітуге бірнеше минут қалғанда айып алаңына кіріп, Шохрух Киргизбоев қорғаған қақпаның маңдайшасын дір еткізді.

Екінші тайм бастала салысымен, Тәжікстан құрамасының жаттықтырушысы Зайниддин Рахимов шабуылға серпін беріп, камераундықтардың қақпасына қысым жасау үшін тағы бір шабуылшы Рустам Соировты ойынға қосты. Арада алты минут өткен соң Камерун құрамасының қақпашысы Манфред Экои жаңа ғана ойынға шыққан Соировты шалып құлатты. Пенльти!  Шарифбек Рахматов мүмкіндікті мүлт жібермей, матчта есеп ашты. Финалдық ысқырыққа жарты сағат қалғанда Соиров өзі де гол соқты, бірақ төреші тәжік командасының гол салу кезінде ереже бұзғанын байқап, голды санамай тастады. Камерундықтар да қарап қалмай, көп шабуылдады.  Қырғызбоевтың қақпасына ойын сәтінде тура он соққы жасады, бірақ тәжік қақпашысы сенімді қимылдады. Кездесудің 73-минутында екінші сары қағазын алған Шухрат Елмуродов ойыннан қуылды. Бірақ, 10 ойыншы қалса да қорғанысы сыр бермеген Тәжікстан жеңіске жетті.

«Балалар біздің тактикамызды сәтті орындады. Әсіресе Шохрух қақпамызды сенімді қорғады. Футболда қақпашы - бұл команданың жартысы деген сөз. Ол осы сөздің растығын дәлелдеді. Мен барлық тәжіктерді осы жеңісімен құттықтаймын », - деді Рахимов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

E тобындағы басқа матчта Испания мен Аргентина 0: 0 есебімен тең түсті. Әлем кубогындағы келесі кездесу, тәжіктер 31 қазанда испандықтарға қарсы өткізеді. Камерун Аргентинамен ойнайды.

Әлем чемпионаты Бразилияда 26 қазан мен 17 қараша аралығында өтеді. Турнирге 24 команда қатысады. Плей-оффтағы әр топтан екі үздік команда шығады, сонымен қатар үшінші орын алған төрт үздік команда шығады. Тәжікстан құрамасы бұл турнирдегі Орталық Азияның жалғыз өкілі.

Тәжіктер 2018 жылғы Азия чемпионатында күміс алып,  2019 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұған дейін Тәжікстан құрамасы 2007 жылы Оңтүстік Кореяда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан болатын. Ол кезде топтық кезеңде тәжік ойыншылары АҚШ-ты (4: 3) жеңді, бірақ Бельгиядан (0: 1) және Тунистен (0: 1) ұтылды.

Пікірлер