Аида Балаева жазушы Әкім Таразидің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

2108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/d5516338-d8d3-4fb2-bc43-474d3cbf1bc4-960x500.jpeg?token=53773f2157d4a94c436f02c504481630

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі жазушы Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған көрнекті қаламгер Әкім Таразидің дүниеден озуына байланысты барша алаш жұртына қайғыра көңіл айтамын.

Әкім ағамыз тоқсанның төріне шығып, өміршең шығармаларымен қалың қазақтың қадірлісіне айналған, адами қасиеті, парасаты биік ардақты азамат еді. Қазақ прозасының көкжиегін кеңейтіп, көркем әдебиеттің көрнекті туындыларын дүниеге әкелген біртуар тұлға өнегелі өмір жолы арқылы ұлт руханиятына сүбелі үлес қосты.

Қаламгердің жарқын бейнесі, артында қалған мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның туған-туыстарына, жақындары мен ұрпақтарына, барша қаламдас әріптестері мен оқырмандарына, аяулы жары Роза апамызға қайғыра көңіл айтамын. Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын”, деді Аида Балаева.

Пікірлер