Экс-президент атынан Каспийдегі қазаға көңіл айту жарияланды

239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UzS7I5Q3nEMWrA8Ss7gaNqH2j2BuvRI1rF6FUlIc.jpg

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Нұрсұлтан Назарбаев марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасты.

«Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Марқұмдардың отбасы мен жақындарының орны толмас қайғысына ортақтасып, қайғырып көңіл айтады», – делінген көңіл айту хабарламасында.

Пікірлер