Президент Австралия халқына көңіл айтты

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Австралияның премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сидней қаласында Ханука мерекесін тойлау кезінде болған қайғылы оқиға болған. Бонди жағажайында Ханука мерекесі кезінде белгісіз үш адам адамдарға оқ атқан. Қарулы шабуыл салдарынан 16 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алған, олардың 29-ы ауруханаға жеткізілген.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қолдау білдіріп, барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қатыгез зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптап, қиын сәтте Қазақстанның Австралия халқымен ынтымақтастығын растады.

Пікірлер