Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы ІІМ кураторы болып тағайындалды

808
Adyrna.kz Telegram
Фото: RKadyrov_95 / Telegram
Фото: RKadyrov_95 / Telegram

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыров республикадағы Ішкі істер министрлігі басқармасының кураторы болып тағайындалды. Бұл туралы ТАСС жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, Адам Қадыровты Ішкі істер министрлігінің кураторы етіп тағайындау туралы хабар 31 наурызда өткен жиында жарияланды. Ведомство басшысы Аслан Ирасханов бұл шешім Рамзан Кадыровтың тапсырмасымен қабылданғанын атап өтті.

Әлі кәмелетке толмаған Шешенстан басшысының ұлы бірнеше құқық қорғау органдары мен әскери бөлімшелерде жетекші лауазымдарды атқарып жатыр. 

Бұдан бұрын 17-жасар Адам Қадыров Владимир Путин атындағы Ресей арнайы жасақтар университетінің және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы болып тағайындалған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер