Экология министрі тағайындалды

3624
Adyrna.kz Telegram

Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Зүлфия Сүлейменова тағайындалды. Бұл туралы Тelegram-дағы Борт N1 арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды”, – деп жазылған Жарлықта.

Президенттің Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология министрі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылғы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жопанияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің резервшісі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығы Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.

2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменттерінде директордың орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы наурыз аралығында Мәжіліс депутаты болды.

2022 жылғы наурыздан бастап осы күнге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Пікірлер