"Студент дәптерінен" басталған ақындық ғұмыр. Тұманбайдың 90 жылы

463
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толды.

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Әдебиеттегі алғашқы қадамдарын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бастады. Кейін «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») және «Балдырған» журналдарында, сондай-ақ «Жалын» баспасында қызмет атқарды.

Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Ол өзінің сыршыл, нәзік сезімге толы жырларымен халық жүрегінен орын алды. «Кәмила», «Көктем таңы», «Алатау қызы», «Ферюза туралы жыр», «Зулайды күндер» сияқты жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енді.

Тұманбай Молдағалиев қазақ поэзиясында тек өлеңдерімен ғана емес, сондай-ақ жүрекке жылы тиетін ән мәтіндерімен де кең танылды. Оның сөзіне жазылған 500-ден астам ән халық арасында кеңінен таралған.

Бұл әндер әлі күнге дейін халықтың сүйіп тыңдайтын шығармаларының қатарында.

Тұманбай Молдағалиев тек ақын ғана емес, аудармашы ретінде де танылды. Ол Байрон, Лермонтов, Тарас Шевченко, Расул Ғамзатов, Ғаффар Ғұлам сияқты әлемдік классиктердің туындыларын қазақ тіліне тәржімалады.

Ақынның 13 және 14 томдық шығармалар жинағы жарық көріп, оқырман қауымға ұсынылды. Ол Физули атындағы халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығымен марапатталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Пікірлер