Сатыбалды Әбішұлы атындағы медресе-колледжіне бөлінген миллиардтар. Қаржы қайда жұмсалуда?

1445
Adyrna.kz Telegram

Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресе-колледжіне 2018 жылдан бері мемлекеттен 1,9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда бұл қаражаттың қалай жұмсалып жатқаны қоғамда сұрақ тудырып отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Orda.kz сайтының зерттеуіне сәйкес, Түркістан облыстық білім басқармасы бұл діни мекемеге жыл сайын 200 миллион теңгеден астам қаржы бөліп келеді. Мемлекет дінге араласпайды деген қағидатқа қарамастан, заң бойынша кез келген білім беру ұйымы мемлекеттік грант ала алады.

Жылдар бойынша бөлінген қаржы:

•2018 жылы – 336,08 млн теңге

•2019 жылы – 400,23 млн теңге

•2020 жылы – 137,96 млн теңге

•2021 жылы – 54,47 млн теңге

•2022 жылы – 143,90 млн теңге

•2023 жылы – 296,35 млн теңге

•2024 жылы – 280,03 млн теңге

•2025 жылы – 290,89 млн теңге

Бұл мәселені журналист Ораз Әлімбек те көтеріп, зайырлы мемлекеттің діни ұйымды қаржыландыруы заңсыз екенін мәлімдеді.

Түркістан облыстық білім басқармасының жауабына сәйкес, медресе жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландырылады. 2024-2025 оқу жылында оқу орнына 175 мемлекеттік грант бөлінген. 2025 жылғы 5 қаңтарда білім басқармасы мен медресе арасында 200 млн теңгеден астам қаржыға қызмет көрсету келісімшарты жасалған. Қаржы жыл бойы қызмет көрсету актісіне сәйкес аударылады.

Сатыбалды Әбішұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі. Ол 1981 жылы 34 жасында жол апатынан қаза болған. Оның ұлдары Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш қазір белгілі тұлғалар.

Медресенің ашылу салтанатына әлемнің әр түкпірінен он мыңнан астам адам қатысқан. Олардың қатарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоған, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың інісі Амруддин Эдилгерев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз, сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан мүфтилері болған.

Қаржының нақты қайда жұмсалғаны туралы толық есеп әлі ұсынылмады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер