Трамп әкімшілігі Ресейге салынған санкцияларды азайтпақ

926
Adyrna.kz Telegram
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС

Трамп әкімшілігі Ресейге салынған санкциялық қысымды ішінара жеңілдету жоспарын әзірлемек. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл тапсырма АҚШ мемлекеттік департаменті мен қаржы министрлігіне президент Дональд Трамп әкімшілігінен түскен. Бұл ведомстволарға қандай шектеу шараларын азайтып немесе толықтай алынып тасталуы мүмкін екендігі туралы тізім жасау тапсырылған.

Дайындалған тізім алдағы келіссөздер барысында АҚШ өкілдері мен ресейлік шенеуніктер арасында талқыланбақ. Ақ үй бұл қадамды Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға және Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуға ұмтылуымен байланысты деп түсіндірді.

Ақпаратқа сәйкес, құжат жобасында бірқатар ресейлік заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде ірі кәсіпкерлерге салынған санкцияларды алып тастау мүмкіндігі қарастырылған. Алайда түпкілікті шешім әлі нақты емес.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер