«Астрахан — қазақтың жері» деген ресейліктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

2926
Adyrna.kz Telegram

Ресей билігі «Астрахан — қазақтың жері» деп мәлімдеме жасаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Қазақстан халқын жария түрде терроризмге шақырып, Ресей аумағында лаңкестік әрекеттер жасауға үндеу тастағаны үшін күдіктеліп отыр.

«Астрахань облысының тұрғыны Сергей Т.-ға Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы 2-бөлігі (терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық іс қозғалды»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін ер адам әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдаған еді.

«Астрахан – ежелгі қазақ жері. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оны Путиннің фашистік билігінен азат етіңіз»,—деді ол.

Пікірлер