Мемлекеттік кірістер комитеті "борышкер блогерлер" тізімі туралы пікір білдірді

1091
Adyrna.kz Telegram
Фото: uptu.work
Фото: uptu.work

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде тараған салық төлемеген блогерлердің тізіміне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство бұл құжаттың ресми емес екенін және оның жүргізіліп жатқан салықтық тексерулерге қатысы жоғын атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Комитеттің хабарлауынша, желіде тараған тізім мемлекеттік кірістер органының салықтық бақылау актісі емес.

"Әлеуметтік желіде тараған тізім салықтық бақылау жүргізетін мемлекеттік кірістер органының ресми құжаты болып саналмайды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін интернетте салықтан жалтарған қазақстандық блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің тізімі тараған болатын.

2023 жылдың 29 қазанындағы ресми дерекке сәйкес, елімізде тіркелген 745 блогер 9 ай ішінде мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден астам салық төлеген.

Салық кодексіне сәйкес, Instagram, YouTube, TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 20 мыңнан астам жазылушысы бар тұлғалар ресми табыс тауып, салық төлеуі тиіс. Олардың жарнамадан және ақпараттық өнімдерді ілгерілетуден тапқан табыстарына заң бойынша салық салынады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер