Қазақстандық блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынған - Динара Сәтжан

3062
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан жаппай орамалға оранған блогерлердің әрекетіне таңқалып, тіпті олардың кейбірі бұл үшін ақша алатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналист бұрын әлеуметтік желіде жеке өмірін, сондай-ақ дене бітімдерін мақтан етуді ұнататындардың жаппай хиджаб киіп кеткеніне таңданады.

“Мен өз басым дәстүрлі қазақы исламды ұстанамын. Әр жұма сайын шелпек пісіру  Құран бейіттің басында. Қырқынан шығару және тұсау кесер. Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Келесі ұрпаққа жеткізуіміз тиіс тарихымыз бар. Ал, бірнеше он жылдықтан кейін, тіпті жылдардан кейін біздің қазақ әйелдері қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Біз осыны қалаймыз ба?

 

“Мен мұны неге көтеріп отырмын? Өйткені мен блогерлерден орамал таққаны үшін ақша ұсынылғанын және сомалар өте үлкен екенін естідім. Мені қорқытатын да осы”, – деп жазады журналист.дейді Сәтжан желідегі парақшасында.

Оның жазбасы әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті. Қолданушылардың кейбірі журналистің өзі де оларды жарнамалап жүргенін айтып, неліктен ойын өзгерткенін сұраған.

Айта кетейік, соңғы кездері әлеуметтік желілерде миллиондаған аудиториясы бар қазақстандық жұлдыздар хиджаб киіп, дінге бет бұрғанын ашық көрсетіп жүр.

Пікірлер