КҚК-дағы дрон шабуылы. Қазақстан мұнай экспорты 30%-ға қысқаруы мүмкін

1211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/img_6567-960x500.jpeg?token=e59001b6c6d8d1bba10de82560c01c1b
17 ақпанда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдайтын “Кропоткинская” мұнай айдау стансасына жеті ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) шабуыл жасады. Бұл станса арқылы Қазақстан мұнайы да экспортталады. 18 ақпанда шабуыл салдарынан Қазақстаннан мұнай айдау көлемі 30%-ға төмендеуі мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл шектеу 1,5-2 айға созылуы ықтимал. Сарапшы Олжас Байділдиновтың бағалауынша, бұл Қазақстан бюджетінің кірісіне шамамен 300 млрд теңге шығын келтіруі мүмкін. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл шабуылды Қазақстанның энергоинфрақұрылымына жасалған соққы деп атады. “Ресей ешқашан Украинаның энергиямен жабдықтау жүйесін қауіпке тіккен емес”, – деді Лавров. Кейіннен Украина бұл шабуылды ресми түрде мойындады. Шабуылға байланысты жаңа қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Пікірлер