«Миттал сияқты кетуі мүмкін». Осы аптада “Қазақмыс” басшысы қатаң әңгімеге шақырылмақ

1006
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazakhmys.crealog.kz
Фото: kazakhmys.crealog.kz

Осы апта “Қазақмыстың” негізгі акционері, 70% үлесін иеленіп отырған олигарх Владимир Ким қатаң әңгімеге шақырылмақ. Бұл туралы DALA INSIDE жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, олигарх шахталардағы қауіпсіздікті күшейтуге қомақты инвестиция салмаса, оның Қазақстанда жұмыс істеуіне қатысты сұрақтар қойылатын болады.

«Вице-премьер Қанат Бозымбаевқа барлық карт-бланш берілді. Ол Қазақстан Үкіметінің атынан сөйлейтін болады. “Қазақмыс” акционерлері Владимир Ким мен Эдуард Огайдың апатты тергеу кезінде алыс шетелде емес, жақын маңда жүруі талап етілді. Үкімет шахта басшысы сияқты орта деңгейлі менеджерлермен емес, аталған екі акционер мен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев деңгейінде сөйлесетін болады», - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Дереккөз Владимир Кимге заманның өзгергенін, бұрынғыдай мәселені ақша және таныстықпен жауып жүре алмайтынын қатаң ұғындырып қою бойынша шешім қабылданғанын айтады.

Соңғы 4 жылда “Қазақмыс” шахталарында 13 адам өлді. 122 адам түрлі жарақат алды. Негізгі апаттардың барлығы Ұлытау облысындағы көне шахталарда орын алуда. Ондағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігі, құрал-жабдықтарға инвестиция бөлінбегендігі айқын байқалды. Бұл «АрселорМиттал Теміртау» кейсіне ұқсайды.

«Енді адамдар өлетін болса, онда Владимир Ким Лакшми Миттал сияқты елден кетуі мүмкін. «Әділетті Қазақстан» бұдан былай өз азаматтарының өліміне мүлде келіспейді. Кім болса да, қанша салық төлесе де, ең бастысы ел азаматтары аман жүруі тиіс. Осы аптада өкілетті тұлға Кимге аталған позицияны жақсылап түсіндіретін болады», - дейді, дереккөз.

Айта кетсек, “Қазақмыс” шахталары мен өндірісі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша корпорация 110 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Былтырғы жылдың алдын-ала есебі бойынша осы жылы акционерлері кемінде 100 миллиард теңгеге қол жеткізе алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Пікірлер