Ұлытаудағы опырылған шахтадан 7 адамның да мәйіті табылды

1166
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кеніші опырылып, жеті жұмысшының да мәйіті табылды. Олардың денелері жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Барлық жеті жұмысшының денелері жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады сейсенбі күні.

Олардың жеке тұлғалары анықталуда.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы ашқан «құлаққағыс желісі» арқылы қазірге дейін 23 қоңырау түскен.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берді.

Бұған дейін Ұлытау облысында шахтада  7 жұмысшы үйінді астында қалып қойғаны туралы хабарладық. Оқыс оқиға 17 ақпанда Жаңаарқа ауданында орналасқан «Жомарт» кенішінде болған.

Еске салсақ, 2023 жылы 28 қазан түнгі сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко атындағы шахтада өр болып, 46 кенші көз жұмып, 28 кенші жарақаттанған болатын.

Оқиға кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген еді.

Бүгінде бұл оқиғаға қатысты 106 томдық қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды.

Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы қамауда. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша ("тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") айып тағылды, аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер