“11-сынып оқушысы өлтіруі мүмкін”. Түркістан облысында 9-сынып оқитын қыздың мәйіті табылды

4592
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды. Қазір оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, оқушы қыздың мәйіті 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан табылған.

"Қазіргі таңда жасөспірім қызды өлтірді деген күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", делінген хабарламада.

Пікірлер