Алматыда белгісіз ер адам жекеменшік үйдің қоршауын өртеп жіберді

998
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматыда полиция жекеменшік үйдің қоршауын қасақана өртеген күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Массагетке сілтеп.

Оқиға 11 ақпанда Тұрғыт Озал көшесінде болған.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрларға сәйкес, белгісіз ер адам қолындағы жанғыш сұйықтық толы канистрмен келіп, үйдің қоршауына от қойған.

Үй иесінің айтуынша, оқиға кезінде үй ішінде кішкентай балалар болған. Дегенмен, дер кезінде әрекет етіліп, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

"Ол Төле би көшесінен үйіме қарай әдейі келген, қолында жанғыш сұйықтық толы канистр болған. Сол кезде іште кішкентай балалар болды", – деді алматылық әйел.

Алматы полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұл факт бойынша "қасақана өрт қою" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктінің жеке басын анықтау және қылмыстың себебін білу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қасақана өрт қою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктіні және қылмыстың себебін анықтау үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер