Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде көпқабатты үйлер салуға тыйым салды

2253
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Bb8Ef54Jw1WCFu8JCoobv8vj70LwijU6nkn9dIJJ.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға қаланың жоғарғы бөлігінде көпқабатты тұрғын үйлерді салуға мараторий енгізуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады», – делінген жексенбі күні жарияланған хабарламада.

Сатыбалды мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен болашағы туралы баяндады.

«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 11%-ға өсті, негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,4%-ға артты», – деп көрсетілген ақпаратта.

Әкім қаланың орталық аудандарына түсетін жүктемені азайтып, қалалық инфрақұрылымды теңдей бөлуге және қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретін полиорталықты даму туралы баяндады.

Көлік құрылымын қалыптастыруға ерекше назар аударылған, бұл қаланың аудандарының өзара тиімді байланысын қамтамасыз етіп, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттырады.

Тоқаев қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын салуға мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен бас жоспарға сәйкес туристік кластерлерден басқа аймақтарға енгізілмек. Яғни тек қаланың жоғарғы бөлігіне қатысты. Президент сондай-ақ, табиғатты қорғау шараларын күшейтуге, қалалық ортаның теңгерімді дамуына және тау бөктерлерін құрылыс салудан қорғауға бағытталған өзгерістерді бас жоспарға жедел енгізуді тапсырды.

Пікірлер