Орталық Азиядан делегация. Қазақстан басшысы да Ресейдегі Жеңіс парадына қатысады

2368
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті 9 мамырда Ресейде өтетін шеруге қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады.

"Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады,"- деп жазды баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған. Қазірге дейін бұл шеруге Орталық Азия елдерінен Қазақстаннан басқа Қырғызстан мен Тәжікстанның президенттері де қатысатыны белгілі болды.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер